24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
Төлем ұйымдары осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді төлем ұйымдарына есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.
Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________