408-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс мынадай мөлшерде:
1) мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге де құжатта айқындалған мүлік құнының мөлшерінде;
2) кешірудің (есептен шығарудың) жүргізілуіне негіз болған құжатта айқындалған кешірілген (есептен шығарылған) борыштың немесе міндеттеменің сомасында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
408-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Пропорционалды әдіс бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс/ А жал, мұнда:
ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
А сс – салық салынатын айналымның сомасы;
А жал – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.
Бұл ретте осы Кодекстің 407-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс және А жал мәндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 409-бабына сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдарды есепке алмайды.
Салықтық кезеңде өткізу бойынша айналым болмаған кезде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде айқындалады.
2. Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСере – есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж – түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСер – осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мәні осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы