78-1-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту немесе одан алып тастау негіздері Жол жүрісі туралы Заңы
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға:
1) осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анық және (немесе) толық болмауы;
3) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастау негіз болады.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастауға:
1) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметін тоқтату, оны тарату немесе қайта ұйымдастыру;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу кезінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы туралы көрінеу анық емес ақпарат беру негіз болады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабарлама уәкілетті орган тиісті шешім (бұйрық) қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы