33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, тиісті жарыстарға қатысуға мәлімделген мүгедектігі бар спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.
3. Сыныптау жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.
3-1. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.
4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады.
5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы