148-бап. Қабаттық қысымды ұстап тұру және суларды дайындау Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған әртүрлі келісімшарттар бойынша көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 150-бабында көзделген жағдайларда қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында бір жер қойнауын пайдаланушыдан дайындалған қабаттық суды екінші жер қойнауын пайдаланушының кен орнының қабатына айдауды жүзеге асыруы мүмкін.
2. Жер қойнауын пайдаланушы қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында одан әрі кен орны қабатына айдауға ілеспе және (немесе) өзге де (теңіз суын қоса алғанда) суды дайындау үшін қажетті инфрақұрылымдық объектілерге иелік ететін тұлғаларды тарта алады.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы