419-бап. Соттың іске қатысатын адамдардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздары мен өтінішхаттарын сот іске қатысатын басқа да тұлғалардың пікірлерін тыңдағаннан кейін шешеді.
2. Тараптар бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тартқан дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.
3. Істің мән-жайларын зерттеуге байланысты арыздар мен өтінішхаттарды шешу осы Кодекстің 195-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот өтінішхатты бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмаған деген негізде оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы