300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетуші персоналдың өміріне қауіп төндіретін жай-күйге алып келген, электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға алып келген, энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Жабдықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне, белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің тұрақтылығын, дайындық жұмыстарының орындалу толықтығын қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстары көлемдерінің орындалуына, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерін қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапасына жалпы басшылық жасау бөлігінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа жалпы басшылық жасау бөлігінде электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бұзу –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы