100-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесі Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Сумен жабдықтау желісіндегі баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су тарату нүктесіне және пайдаланылған суды санитариялық-техникалық аспаптардан елді мекеннің су бұру желісіндегі баланстық тиесілікті бөлу шекарасына шейін бұру нүктесіне дейінгі су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және су тұтынушы оларға өз күшімен немесе бөгде ұйымдарды тарта отырып қызмет көрсетеді.
2. Су тұтынушылар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау, салу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:
1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы