111-бап. Сумен жабдықтау және су бұру саласында су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын су тұтынушылардың мынадай құқығы:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен ауызсуды тұтынуға арналған санитариялық қағидаларға сәйкес, сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен жасалған сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шартқа сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен үздіксіз қамтамасыз етілуге;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша қызметтер көрсетілгені үшін ақы төлеуге төлем құжатын алуға;
3) ауызсу сапасы және ауызсу берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;
4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша жүргізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бір айдан кешіктірмей шартты бұзу туралы жазбаша хабардар еткен жағдайда, шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
6) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;
7) көрсетілген қызмет ақысын түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
2. Елді мекендерде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын су тұтынушылар:
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға шарт жасасуға;
2) белгіленген талаптарға сәйкес, меншікті сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйінде болуын ұстап тұруға;
3) сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға жасалған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлемақыны уақтылы әрі толық көлемде енгізуге;
4) оның ішінде, көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларда сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарттардың, меншікті сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы;
5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, ауызсуды тұтынуға арналған санитариялық қағидаларды сақтауға;
6) зиянды заттардың жол берілетін концентрациясынан асып түсетін ластағыш заттар бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне нөсер суы мен дренаждық суларды ағызуға жол бермеуге;
8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншікті сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;
9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;
10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
3. Су тұтынушылар – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсеткіштерді алу және жұмыс істейтіндігін тексеру, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шартқа сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның алдында берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін суды есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шартта белгіленген көлемнен астам ұлғайтылған кезде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымнан техникалық шарттарды немесе техникалық талаптарды сұратуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
2. Су пайдаланушылардың тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеуі кеме қатынасы, осы өзен бассейні су ресурстарының кешенді пайдаланылуы мен қорғалуы ескеріле отырып, арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері олардың қауіпсіздігін декларациялауды жүргізуге міндетті.
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді меншік иесі дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті органның ведомствосы аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші бассейндік инспекцияға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады.
Бассейндік инспекция ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi.
Бассейндік инспекция тiркеген декларацияның көшірмесі бассейндік инспекцияда сақталады.
7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.
Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 11.04.2014 № 189-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.04.2016 № 506-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы