27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы
1. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның:
1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне теңдей қол жеткізуге;
2) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;
3) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін білікті заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;
4) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;
5) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;
6) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
2. Өзіне осы Заңның 15-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мемлекет кепілдік берген білікті аң көмегін көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген тұлға:
1) өзінің мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;
2) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету шарттарына ықпал ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабарлауға;
3) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету қажеттігіне негіз болған ақпараттың анықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы