Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 101-3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

101-3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

101-3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы 

  101-3-бап. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға мұқтаж деп тану

      1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші, егер олардың:

      1) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің талабы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша орындалмаған міндеттемесі бар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкеріне және әскери қызметшіге қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

      Осы тармақтың тұрғынжайға мұқтаж деп тану бөлігіндегі күші құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне қолданылады.

      Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкері және әскери қызметші жұбайының (зайыбының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін осы елді мекенде өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайы бар болған не соңғы бес жыл мерзім ішінде иеліктен шығарылған тұрғынжайы болған жағдайда, аталған қызметкер немесе әскери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

      2. Егер ерлі-зайыптылар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілер болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі. Олардың біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттары оның өтініші бойынша "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жабылады.

      Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй төлемдерін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарына аударылады.

      3. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін және әскери қызметшіні, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы) немесе отбасы мүшелері осы елді мекенде:

      1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;

      2) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы оның туындауы құқығын пайдаланса, оның ішінде қызмет өткеретін жерінде осы Заңның 101-6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құқықты пайдаланған болса;

      3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;

      4) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды;

      5) меншік құқығында, оның ішінде меншікті қаражаты есебінен және (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алған не неке шартының, сондай-ақ сыйға тарту шартының талаптарымен немесе мұрагерлік бойынша пайда болған тұрғынжайы бар болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

      Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерінде және әскери қызметшіде мұрагерлік бойынша алынған тұрғынжайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайда да оларды тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

      4. Осы баптың күші курсантқа, кадетке және (немесе) тыңдаушыға, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіге, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамға қолданылмайды.

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Сот өтініш берушіні есептен шығаруды заңсыз деп тапты, өйткені өтініш беруші халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, тұрғын үйге мұқтаж, өтініш берушіге тіркелген үй техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейді

Сот өтініш берушіні есептен шығаруды заңсыз деп тапты, өйткені өтініш беруші халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, тұрғын үйге мұқтаж, өтініш берушіге тіркелген үй техник...

Толық оқу »

77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару Азаматтық қорғау туралы Заңы

77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығаруАзаматтық қорғау туралы Заңы  1. Қауіпті өндірістік объектілерді есе...

Толық оқу »

67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

      67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру Тұрғын үй қатынастары туралы...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй даулары

Тұрғын үйді жекешелендіру, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі тұрғын үй дауларыЗаңның 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

132-7-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі

132-7-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша а...

Толық оқу »

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй даулары

Тұрғынжайларды жекешелендіру мәселелеріне, қызметтік тұрғынжай беру үшін тұрғынжайға мұқтаж деп тану мәселелеріне байланысты өзге де тұрғын үй дауларыТалап қоюлар санының ұлға...

Толық оқу »

Баянат бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындай отырып, тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы қолайлы Әкімшілік акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы

Баянат бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындай отырып, тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы қолайлы Әкімшілік акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы2025 жылғы 01 сәуірдегі №60...

Толық оқу »

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан бас тарту және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау міндетін жүктеу бөлігінде тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын заңсыз деп тану туралы

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан бас тарту және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау міндетін жүктеу бөлігінде тұрғын үй...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу туралы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына талап қою

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу туралы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына талап қою№6001-23-00-6ап/1340 17.10.2023 ж.Талапкер:...

Толық оқу »

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждарды кезекке қоюға мәжбүрлеу туралы Әкімшілік талап қою

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждарды кезекке қоюға мәжбүрлеу туралы Әкімшілік талап қою№6001-23-00-6ап/642 26.10.2023 ж.Талапкер: Ж. А.Жауапкер:"тұрғын үй...

Толық оқу »

117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы    6 БӨЛIМ 17-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы 6 БӨЛIМ 17-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      1. Тұрғын үйге мұқтаждар...

Толық оқу »

129-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы

129-бапқа түсініктеме. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

Толық оқу »

129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған б...

Толық оқу »

132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі

132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негізд...

Толық оқу »

Көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған балаларды немесе еңбекке жарамсыз ересектерді күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіру

Көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған балаларды немесе еңбекке жарамсыз ересектерді күтіп-бағуға қосымша шығыстарды өндіру«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 138...

Толық оқу »

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауға мәжбүрлеу туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою және тұрғын үй төлемдерін тағайындау т...

Толық оқу »

73-бап. Азаматтарды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығару негiздерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы 1. Бірыңғай республикалық электрон...

Толық оқу »

Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттарын бекіту ту...

Толық оқу »

72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

 72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы      Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:      1) "Тұ...

Толық оқу »

27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

27-бап. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне мұқтаж тұлғаның құқықтары мен міндеттеріАдвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      1. Мемлекет кепілдік б...

Толық оқу »

134-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

134-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Арнаулы ә...

Толық оқу »

132-10-бап. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балаларды күтіп-бағу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі

132-10-бап. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қы...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен, «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғын үй кезегінен шығарылуға жатпайды

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «...

Толық оқу »