169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасаған және салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат.
Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.
2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде жіберілген тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы уәкілетті органның тапсырмасы негізінде тағайындалған салықтық тексеруді тағайындау кезінде салықтық тексерудің алдын ала актісі жасалмайды және табыс етілмейді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органынан есептен шығару Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:
1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
5) бақылау-касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.
2. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану жері бойынша салық органына:
1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектері кітабы;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы ұсынылады.
4. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
5. Салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығаруды:
1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін;
2) бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы