153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау жағдайлары мен негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салықтық тексеру:
1) салық төлеуші (салық агентінің) осы Кодексте көзделген өтінішті, талаптарды берген;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер болған;
3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайларда тағайындалады.
Салық органының салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау тәртібі мен негізін уәкілетті орган айқындайды;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тағайындалады.
2. Салықтық тексеру нұсқама негізінде жүргізіледі.
3. Салықтық тексеру бұрын тексерілген кезеңге жүргізілуі мүмкін.
Бұрын тексерілген кезеңге салықтық тексеру:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші, талабы, шағымы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;
3) уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша салықтық тексеру сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
4. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге салықтық тексеру жүргізілмейді, бұған мыналар:
1) қарсы тексерулер;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші, талабы, шағымы бойынша салықтық тексерулер;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша салықтық тексерулер;
4) салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг жөніндегі уәжді шешіммен келіспеуге және (немесе) мұндай шешімді орындамауға байланысты салықтық тексерулер;
5) мынадай:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарымен жүзеге асырылатын алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
6) сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
7) лицензияның болуы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
8) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында импортталатын және алып өтілетін тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
9) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті таңбалауға жататын тауарлар бойынша тауарда сәйкестендіру құралының болуы және оның төлнұсқалығы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын, мазут айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
13) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
14) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексерулер кірмейді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
153-бап. Қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бейрезидент бюджеттен қайтаруды ұсынған табыс салығын растау мәселесі бойынша салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге тақырыптық тексерулер жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін кезеңге осындай салықтық өтініш берген бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салық агентіне қатысты жүргізіледі.
2. Салық органы бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындауға міндетті.
3. Салық органы тақырыптық тексеруді жүргізу барысында құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді салық агентінің толық орындауын;
2) бейрезиденттің осы Кодекстің 220-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 76-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;
4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген деректердің анықтығын тексереді.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы