Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 159-бап. Салықтық тексеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

159-бап. Салықтық тексеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

159-бап. Салықтық тексеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Мыналар салықтық тексеруге қатысушылар болып табылады:  

     1) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдары; 

     2) осы Кодекске сәйкес салық органы салықтық тексеруді жүргізуге тартатын, нұсқамада көрсетілген мамандар (бұдан әрі – маман); 

     3) тексерілетін тұлғалар: 

     нақты салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындалмаған тақырыптық салықтық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетілген аумақ учаскесіндегі салық төлеуші, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің салық төлеушісі; 

     салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті). 

     2. Арнаулы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін салық органы осындай арнаулы білімі мен дағдылары бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.  

     Қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған, салық органының лауазымды адамы көтерген мәселелер бойынша тексеруге тартылған маман салықтық тексеру барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды.  

     Осындай жазбаша мәселелер мен қорытындылардың көшірмелері салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін данаға қоса беріледі.  

     3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алу үшін осындай қызмет бойынша жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да жүзеге асырылады.   

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

159-бап. Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын есепке жазуға, залалдардың азаюына, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайтарудың расталмауына алып келетін бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 114 және 115-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі (табыс етіледі). 

      2. Салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады. 

      3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер қамтылуға тиіс: 

      1) хабарлама мен салықтық тексеру актісінің тіркелген күні және нөмірі; 

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы; 

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі; 

      4) есепке жазылған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомасы; 

      5) азайтылған залалдар сомасы; 

      6) қосылған құн салығының қайтаруға расталмаған асып кету сомасы; 

      7) бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік (жеке) табыс салығының қайтаруға расталмаған сомасы; 

      8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімдері; 

      9) тиісті салықтардың және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың деректемелері; 

      10) шағым жасау мерзімдері мен орны. 

      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілетін салықтық тексеру жағдайында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады. 

      Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істің аяқталғанын растайтын ресми құжат алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады және салық төлеушіге табыс етіледі. 

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне табыс етілуге және оның қолымен куәландырылуға немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілуге тиіс. Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, пошта байланысы немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) алғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі.  

      6. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген тексеру нәтижелері жөніндегі хабарламаларды пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда:  

      1) осы Кодексте белгіленген негіздер және тәртіп бойынша куәгерлерді тарта отырып салықтық зерттеп-қарауды жүргізу; 

      2) егер салықтық тексеру актісі осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісінің негізінде табыс етілсе, осындай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымының қайтару күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады. 

      7. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші (салық агенті), егер тексеру нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. 

      8. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және (немесе) өсімпұлдың есепке жазылған сомасымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені, сондай-ақ өсімпұлды төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу графигі қоса беріле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін. 

      Бұл ретте көрсетілген сома төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есепке жазыла отырып, бюджетке төленуге жатады және көрсетілген кезеңнің әрбір он бес жұмыс күн сайын тең үлестермен төленіп отырады. 

      Мынадай: 

      тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциздің және төлем көзінен ұстап қалынатын салықтардың сомаларын төлеу бойынша; 

      тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдың сомаларын төлеу бойынша осы тармақта айқындалған тәртiппен салықтық міндеттемені орындау мерзімі ұзартылуға жатпайды. 

      9. Осы Кодекстің 158-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 115-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеушіге жіберілген, таратудың салықтық есептілігін ұсынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы хабарламада көрсетіледі. 

      10. Егер осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 8) және 11) тармақшаларында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органы сол бір салықтық кезеңде сол бір мәселе бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасау фактісін анықтаса, салық төлеушіге қатысты мұндай бұзушылық үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады. 

      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын:  

      1) салықтың немесе төлемнің осы түрі бойынша бұрын тексерілген салықтық кезеңге қосымша салықтық есептілікті ұсыну арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің төлеуге жататын сомасын азайтуы бөлігінде; 

      2) салық органының сол бір салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу кезінде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижелері бойынша, егер көрсетілген жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;  

      3) салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің төлеуге жататын сомасына әсер ететін және салық төлеуші (салық агенті) салықтың немесе төлемнің осы түрі бойынша сол бір салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердің кез келгенін жүргізу барысында салық органының жазбаша сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша; 

      4) соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсi іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекетке (әрекеттерге) қатысты, егер салық органы осындай әрекет (әрекеттер) туралы мәлiметтердi мұндай әрекет (әрекеттер) жасалған салықтық кезеңде алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша са...

Толық оқу »

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану"У" ЖШС сотқа Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, Қаржы министр...

Толық оқу »

Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді даулау

Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару жөніндегі әрекеттерді даулауВ.Л.Вялько «Ақтөбе қаласы бойынша МКБ» РММ-ге салық бойынша берешек бес жылдан астам уақыт...

Толық оқу »

161-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

161-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші (салық а...

Толық оқу »

Сот салықтық тексеру актісіне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізуді негізді түрде тоқтатты

Сот салықтық тексеру актісіне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізуді негізді түрде тоқтатты«Мир круп» ЖШС сотқа «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД» РММ-ге салықтық тексеру актісі...

Толық оқу »

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер Қазақста...

Толық оқу »

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша сомаларды қосымша есептеуді заңсыз деп тану және салықтық тексеру хабарламасының күшін жою

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша сомаларды қосымша есептеуді заңсыз деп тану және салықтық тексеру хабарламасының күшін жоюӨндіріс қалдықтарын тиісті рұқсат алмай...

Толық оқу »

162-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

162-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органының нұсқамасын салық...

Толық оқу »

160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Тексерілетін кезең...

Толық оқу »

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау жағдайлары мен негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау жағдайлары мен негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексеру:     1) салық төлеуші (салық агентінің) осы Код...

Толық оқу »

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.2008 жылғы...

Толық оқу »

169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

169-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық з...

Толық оқу »

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

166-бап. Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     ...

Толық оқу »

МКД салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою

МКД салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жоюСоттардың салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тануы және күшін жоюы...

Толық оқу »

168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық...

Толық оқу »

Алдын ала салықтық тексеру актісін тапсыру тәртібін бұзу, салықтық тексеруді аяқтау тәртібін бұзу және заңсыз деп тану және құжаттық салықтық тексеру актісінің және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Алдын ала салықтық тексеру актісін тапсыру тәртібін бұзу, салықтық тексеруді аяқтау тәртібін бұзу және заңсыз деп тану және құжаттық салықтық тексеру актісінің және тексеру нә...

Толық оқу »

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.«Мир круп» ЖШС (бұда...

Толық оқу »

Кірістер департаменті Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою

Кірістер департаменті Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Мемлекетті...

Толық оқу »

Салықтық тексеруді жүргізу барысында тексерушілердің зерттеу және бағалау нысанасы тек салық есептілігі ғана емес, бастапқы құжаттар болуы тиіс.

Салықтық тексеруді жүргізу барысында тексерушілердің зерттеу және бағалау нысанасы тек салық есептілігі ғана емес, бастапқы құжаттар болуы тиіс.Кассациялық сатыдағы соттың 201...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер департаментінің Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістер департаментінің Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШ...

Толық оқу »

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдану

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдануСалық төлеушінің шығындарды шегерімге жатқызуға құқығы жоқ негіздер, сондай-ақ есептен ҚҚС алы...

Толық оқу »

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы09.11.2023 ж. №6001-23-00-6ап/1264Талапкер: "К" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік)Жауа...

Толық оқу »

Жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманың күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманың күшін жою және заңсыз деп тану туралы2025 жылғы 06 наурыздағы №6001-24-00-6ап/2263 (2) Талапкер: "Т"ЖШСЖауа...

Толық оқу »

Салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініштер және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламалар

Салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы өтініштер және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламалар"М" ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) сотқа ҚР ҚМ МКК-нің "Нұр-сұлтан қала...

Толық оқу »

171-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі

171-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомал...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексеруді тағайындауы туралы нұсқамаларға дау айту

Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексеруді тағайындауы туралы нұсқамаларға дау айту"Г" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) "Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау туралы Нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы2025 жылғы 04 ақпандағы №6001-24-00-6ап/932Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Мемле...

Толық оқу »

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емес

Тергеуге дейінгі тексеру барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі қылмыстық қудалау органы салық органынан салықтық тексеру жүргізуді талап етуге құқылы емесШығыс Қазақстан...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістерді салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістерді салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1186 31.10.2023 ж.Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Ме...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер департаментін заңсыз деп тану және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістер департаментін заңсыз деп тану және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою туралы02.03.2023 жылғы № 6001-23-12/6под/3Талапкер: "А"ЖШСЖау...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бюджетке төлеуге жатпайтын, қайтаруға расталмаған бөлігінде ҚҚС асып кеткен соманың күшін жою туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бюджетке төлеуге жатпайтын, қайтаруға расталмаған бөлігінде ҚҚС асып кеткен соманың күшін жою туралы№6001-22-00-6ап/2098 7.03.2...

Толық оқу »

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Уәкілетті ор...

Толық оқу »

Салықтық тексеру актісі, егер салық төлеуші онда көрсетілген қорытындылармен келіспеген жағдайда, дауласу тәртібімен шағымдануға болады.

Салықтық тексеру актісі, егер салық төлеуші онда көрсетілген қорытындылармен келіспеген жағдайда, дауласу тәртібімен шағымдануға болады....Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағы-...

Толық оқу »