Жекеше ұйғарымдар шығару
АПК-нің 270-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Соттар МСО-ға және ЖСО-ға қатысты жекеше ұйғарымдарды тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін Республикалық сот орындаушылар палатасына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жібереді.
Талданып отырған санат бойынша жекеше ұйғарым шығару практикасы соттардың жекеше ұйғарымдар сот шешімдерінде анықталған бұзушылықтар бойынша шығарылатынын көрсетеді.
Бұл ретте, бұзушылықтар бағалау сипатында болады не сот орындаушылары тарапынан өрескел бұзушылықтар ретінде бағалауға болмайды.
Әкімшілік істі қарау барысында анықталған бұзушылықтарға ден қою шарасы ретінде жекеше ұйғарым сот шешімінде анықталған бұзушылықтарды қайталамауға тиіс.
Сот орындаушыларына жекеше ұйғарымдар шығару кезінде мынадай факторларды ескеру қажет:
- Бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысының заңнама нормаларын жүйелі түрде бұзуы;
- Атқарушылық іс жүргізу тараптары үшін бұзушылықтардың салдарынан туындаған елеулі құқықтық салдарлар;
- Атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы.
Сот практикасын талдау сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты әкімшілік істерді қарау нәтижелері
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
^J()~1
25 рет жүктеп алынды