Салық дауларын сотқа дейінгі реттеу
Салық заңнамасында салық дауларын шешудің балама тәртібі айқындалған. Салық төлеуші: тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға немесе сотқа; салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағымдануға құқылы. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган – Қаржы министрлігі - апелляциялық комиссия құрды. Уәкілетті орган апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, дәлелді шешім шығарады. Уәкілетті орган жүргізген талдаудан 2017 жылдың екінші жартыжылдығында ол 70 шағымды қарады, оның 20-сы қанағаттандырылды (хабарламалар жойылды). Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 134 шағым қаралды, оның 53 немесе 40% қанағаттандырылды.
Бұл ретте уәкілетті орган салық төлеушілер шағым жасаған мәселелер бойынша ғана есепке алуды жеке жүргізетінін атап өткен жөн. Олардың қайсысы жер қойнауын пайдаланушыларға жататыны туралы деректер бөлінбейді. Қорытындылауға келіп түскен істерді зерделеу барысында 43 істің 17-сі бойынша салық төлеушілер соттан тыс тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға алдын ала шағымданғаны анықталды. Жалпы сомасы 1 350 776 050 теңгеге 3 шағым ішінара қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Досудебное урегулирование налоговых споров
154 рет жүктеп алынды -
Досудебное урегулирование налоговых споров
160 рет жүктеп алынды