Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы.

"Президент пен Үкіметактілерінің жинағында" жәнереспубликалық баспасөздемазмұны жариялануға тиіс

 

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      2. Қоса берiліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

      2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:

      аталған Жарлықтағы 1-тармақта:

      "Самақова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

      Айткүл Байғазықызы қорғау министрi - Қазақстан

      Республикасы Президентiнiң жанындағы

      Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi

      ұлттық комиссияның төрайымы"

      деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.02.01 № 922 Жарлығымен.

      3) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.08 № 325 Жарлығымен.

      4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:

      3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу;".

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы

      4 наурыздағы N 16 өкiмi;

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы

      N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы

      N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

      Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентi

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң2006 жылғы 1 ақпандағыN 56 ЖарлығыменБЕКIТIЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралыЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

      2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

      3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

      4) мыналарға:

      экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;

      еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

      отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;

      халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

      отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;

      халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

      демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

      5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;

      6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

      7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

      8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

      9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

      10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;

      11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;

      12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, 2014.12.04 № 971; 01.06.2019 № 57; 22.01.2024 № 437 Жарлықтарымен.

3. Комиссияның өкiлеттiктерi

      4. Комиссия өз құзыретi шегiнде:

      1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

      3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;

      4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актілерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

      5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;

      6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге, олардың қызметі туралы есептерді тындауға;

      7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593; 01.06.2019 № 57; 22.01.2024 № 437 Жарлықтарымен.

      5. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.

      6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

      6-1. Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.

      Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593 Жарлығымен.

4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.05.2025 № 893 Жарлығымен.

      8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi.

      9. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.

      10. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

      11. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.

      12. Комиссияның төрағасы:

      1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;

      2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

      3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;

      4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;

      5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;

      6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi;

      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, 2014.12.04 № 971 Жарлықтарымен.

      12-1. Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.

      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2008.05.15 N 593, жаңа редакцияда - 2014.12.04 № 971 Жарлықтарымен.

      13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - – ҚР Президентінің 17.05.2022 № 894 Жарлығымен.

5. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

      13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, өз қызметiнде Комиссия төрағасына тiкелей бағынатын оның Хатшылығы жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.04.17 N 317 Жарлығымен.

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2006 жылғы 1 ақпандағы№ 56 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияныңҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.05.2025 № 893 Жарлығымен.

 

БалаеваАида Ғалымқызы- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға
ЫсқақоваЖұлдызай Амангелдіқызы- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
СүлейменЛәззат Жаңылысқызы- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
ТарасенкоЕлена Ивановна- қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
ОмароваАйман Мұратқызы- адвокат, құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
НұрахметоваГаухар Сердалықызы- гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы, хатшы (келісім бойынша)
ӘбдірахмановаАлина Бауыржанқызы- "Қазақ-Америка университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
ӘдиеваАльфия Дәулетқалиқызы- "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша)
БайдашеваЖанна Аманқызы- "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)
БайсақоваЗүлфия Мұхамедбекқызы- "Дағдарыс Орталықтар Одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
ГребенниковаГалина Александровна- "Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПА)" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, отбасын жоспарлау, жеткіншектер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер (келісім бойынша)
ГуринаМарианна Юрьевна- "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)
ДәулетбаеваЖұлдыз Жетпісбайқызы- әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша)
ЖанғазиноваНазым Жәнібекқызы- медиакоммуникациялар саласындағы сарапшы, "NazymPR" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
ЖандосоваБаян Айтбекқызы- "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы - Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
ЗұлхайыровРенат Вазирұлы- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы (келісім бойынша)
ИмашеваСнежанна Валерьевна- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
КаримоваЭльмира Рашитовна- "ҚМГ Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша)
КариноваШолпан Таңатқызы- "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша)
ҚажыбаеваРаушан Жаңабергенқызы- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
ҚалтаеваЛәззат Молдабекқызы- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
ҚанайГүлмира Әмірханқызы- "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша)
ҚарабасоваЛаура Шапайқызы- "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша)
ҚожалыТоғжан Бақытжанқызы- қоғам қайраткері, "HAQ" қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша)
ЛиЕлена Эдуардовна- "Dolce" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша)
МиронюкТатьяна Александровна- "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастық нысандағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
СәрсенбаеваӘйгерім Арыстанбекқызы- Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша)
СемидоцкихЕлена Александровна- кәсіпкер, "Русская община Северо-Казахстанской области" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
СүлейменоваЖұлдыз Досбергенқызы- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
ТасбергеноваГаухар Қошқарбекқызы- "Рухани Қазына" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)
ХангелдинаСұңқар Қосманапқызы- жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, MBA магистрі, блогер (келісім бойынша)
ХасеновМуслим Ханатұлы- "M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы (келісім бойынша)
ШанаиНәзипа Ыдырысқызы- Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
ШөжееваӘзиза Тимурқызы- кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

 

      

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Тұңғ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәу...

Толық оқу »

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 781 Жарлығы.Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымд...

Толық оқу »

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдау...

Толық оқу »

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентiнiң жалақысы заңдарда белгiл...

Толық оқу »

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғ...

Толық оқу »

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы. Қазақстан Р...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президенті: 1) Жоғары Сот...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жа...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын...

Толық оқу »

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері Қоғамдық кеңестер туралы Заңы

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық...

Толық оқу »

12-1-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

12-1-бап. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII ҚРЗ"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарл...

Толық оқу »

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы Қазақстан Республикасы Конституци...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 690 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы №...

Толық оқу »

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы"Қазақстан Республ...

Толық оқу »

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президент...

Толық оқу »

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi мен оның отбасы мүшелер...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғ...

Толық оқу »

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады. 1-1. Кезек...

Толық оқу »

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы Кандидаттың сайлау қорын: 1) жалпы сомасы з...

Толық оқу »

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйект...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигізу және өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының бейнесін қорлау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигіз...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Үкiметi: 1) Президент тапсырмаларының орындалуы және...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 6 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 11...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Заңы 199...

Толық оқу »

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президент науқастануына байланысты өз...

Толық оқу »

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлеке...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілде N 222-II Заңы.      Ес...

Толық оқу »

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына  арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйке...

Толық оқу »

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынш...

Толық оқу »

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) Парламент Се...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және олардың құрамына енетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының жән...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті: 1) аумақтық қорғаныс міндет...

Толық оқу »

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентi өз...

Толық оқу »

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституц...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.Қазақстан Республика...

Толық оқу »

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.ҚАУЛЫ Е...

Толық оқу »

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды.      1. Құқық қорғау органдары басшылығының пр...

Толық оқу »

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.Қа...

Толық оқу »

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президенттiң нормативтiк сипаты б...

Толық оқу »

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi ж...

Толық оқу »

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика През...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу1. Қазақстан Ре...

Толық оқу »