Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 690 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 690 Жарлығы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 690 Жарлығы.

  •   "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  •     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
  •     2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асыловқа Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
  •     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  •  
  • Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев
  •  
  •  

  •  Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2024 жылғы 2 қарашадағы№ 690 ЖарлығыменМАҚҰЛДАНҒАНЖоба
  •  
  • Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағысотталған адамдарды беру туралыКЕЛІСІМ

  •       Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі
  •     Уағдаласушы Тараптар арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты назарға ала отырып, сотталған адамдарды оңалтуға және әлеуметтік қайта бейімдеуге жәрдемдесу мақсатында оларды беру саласындағы өзара сенім мен ынтымақтасу сот төрелігін жүзеге асыру мүдделеріне, сондай-ақ адамгершілік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына қызмет ететіндіктен, осындай өзара сенімге және ынтымақтасуға ниет білдіре отырып,
  •     сотталған адамдарға өз қоғамында жазасын өтеуге мүмкіндік беру арқылы бұл мақсатқа ең жақсы тәсілмен қол жеткізуге болады деп есептей отырып,
  •     төмендегілер туралы келісті:
  • 1-бап

  • Жалпы қағидаттар

  •       1. Уағдаласушы Тараптар сотталған адамдарды беру аясында барынша мүмкін болатын ынтымақтастықты осы Келісімде баяндалған шарттарда жүзеге асырады.
  •     2. Бір Уағдаласушы Тараптың аумағында сотталған адам осы Келісімнің ережелеріне сәйкес екінші Уағдаласушы Тараптың аумағына өзіне тағайындалған жазаны өзінің азаматтығы бар мемлекетте одан әрі өтеу мақсатында берілуі мүмкін.
  • 2-бапАнықтамалар

  •       Осы Келісімнің мақсатында:
  •     1) "Үкім шығарушы мемлекет" адамға қатысты үкімді шығарған және тағайындалған жазаны өтеуді жалғастыру үшін оны берген немесе беруі мүмкін Уағдаласушы Тарапты білдіреді;
  •     2) "Үкімді орындаушы мемлекет" сотталған адам тағайындалған жазаны өтеуді жалғастыру үшін аумағына берілген немесе берілуі мүмкін Уағдаласушы Тарапты білдіреді;
  •     3) "үкім" қылмыс жасағаны үшін белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін түпкілікті сот шешімін білдіреді;
  •     4) "сотталған адам" қылмысы үшін сотталған кез келген адамды білдіреді.
  • 3-бапҚарым-қатынас тәртібі

  •       1. Беру туралы сұрау салуды және оған жауапты бір Уағдаласушы Тараптың орталық органы екінші Уағдаласушы Тараптың орталық органына дипломатиялық арналар арқылы жібереді.
  •     2. Мыналар:
  •     1) Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
  •     2) Марокко Корольдігі үшін - Марокко Корольдігінің Әділет министрлігі орталық органдар болып табылады.
  •     3. Әрбір Уағдаласушы Тарап орталық органдарға қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлауға тиіс.
  •     4. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жіберілетін сұрау салулар мен жауаптар бір мезгілде пошта арқылы жіберілген жағдайда, олар техникалық байланыс құралдарының (электрондық поштаның, факстың немесе жазба қалдыратын кез келген басқа да электрондық құрылғының) көмегімен жіберілуі мүмкін.
  • 4-бапТіл

  •       Сотталған адамды беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың тілінде жасалып, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аударылуға тиіс. Сұрау салуларға жауаптар Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың тілінде жасалуға және Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аударылуға тиіс.
  • 5-бапҚұжаттардың түпнұсқалығын заңдастыру, растау немесе куәландыру

  •       Орталық немесе құзыретті органдар расталған құжаттарға сотталған адамды беру рәсімінде одан әрі заңдастырусыз, төлнұсқалығын растаусыз немесе куәландырусыз рұқсат етілуге тиіс.
  • 6-бапСотталған адамдарды беруге арналған шарттар

  •       Сотталған адам осы Келісімге сәйкес мынадай шарттар сақталған кезде:
  •     1) бұл адам Үкімді орындаушы мемлекеттің азаматы болғанда;
  •     2) үкім түпкілікті және орындалуға тиіс болғанда;
  •     3) сотталған адамға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан айыруға байланысты өзге де шара тағайындалғанда;
  •     4) сотталуына себеп болған іс-әрекеті екі Уағдаласушы Тараптың да ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылғанда;
  •     5) беру туралы сұрау салуды алған кезде жазаны өтеудің қалған мерзімі кемінде бір (1) жылды құрағанда берілуі мүмкін. Ерекше жағдайларда, егер сотталған адамның өтеуіне жататын жаза мерзімі осы тармақта көрсетілгеннен аз болса да, беру жүзеге асырылуы мүмкін;
  •     6) сотталған адамның немесе сотталған адамның жасына, дене немесе психикалық жай-күйіне байланысты оның заңды өкілінің беруге жазбаша келісімі болғанда;
  •     7) екі Уағдаласушы Таран та беруге келіскенде берілуі мүмкін.
  • 7-бапБеруден бас тарту шарттары

  •       1. Егер:
  •     1) сотталған адам Үкім шығарушы мемлекеттің азаматы болса;
  •     2) Уағдаласушы Тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес үкімнің күші жойылса, сотталған адамды беруден бас тартылады.
  •     2. Егер:
  •     1) Уағдаласушы Тараптардың қайсыбірі беруді өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, басқа да елеулі мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп санаса;
  •     2) Үкім шығарушы мемлекетте кез келген басқа да қылмысы үшін бұл адамға қатысты сот талқылауы жүргізіліп жатса;
  •     3) сотталған адам Үкім шығарушы мемлекетте салынған айыппұлдарды, сот шығыстарын, өтемақыларды немесе басқа да мүліктік жазаларды өтемеген болса, сотталған адамды беруден бас тартылуы мүмкін.
  • 8-бапБеру рәсімдері

  •       1. Үкім шығарушы мемлекеттің құзыретті органы сотталған адамға осы Келісімге сәйкес беру мүмкіндіктері туралы және оның құқықтық салдары туралы мүмкіндігінше тезірек хабарлауға тиіс.
  •     2. Беру туралы сұрау салуды:
  •     1) сотталған адам тікелей немесе өзінің заңды өкілі арқылы;
  •     2) Үкім шығарушы мемлекет;
  •     3) Үкімді орындаушы мемлекет беруі мүмкін.
  •     3. Егер Үкім шығарушы мемлекет сотталған адамды беруге сұрау салса, онда ол Үкімді орындаушы мемлекетке мынадай құжаттар мен ақпаратты ұсынуға тиіс:
  •     1) сотталған адам, оның азаматтығы және тұрғылықты жері туралы дербес деректер;
  •     2) күзетпен ұстау және тағайындалған жазаның есепке алынуға тиіс өтелген уақыты туралы деректерді қоса алғанда, жазаның түрі, тағайындалған жаза мерзімінің басталу және аяқталу күні, сондай-ақ жазаны орындау үшін қажетті барлық басқа да ақпарат;
  •     3) түпкілікті және орындалуға тиіс үкімнің түпнұсқасы немесе расталған көшірмесі;
  •     4) үкім негізделген қылмыстық заңнама ережелерінен үзінді көшірме;
  •     5) осы Келісімнің 6-бабының 6) тармақшасында көзделген беруге жазбаша келісім;
  •     6) сұрау салу бойынша шешім қабылдауға қатысы болуы мүмкін барлық басқа да құжаттар мен ақпарат;
  •     7) қажет болған жағдайда сотталған адамға қатысты медициналық және әлеуметтік есеп, оның Үкім шығарушы мемлекетте емделгені туралы ақпарат және кейіннен емдеу үшін ұсынымдар.
  •     4. Егер Үкімді орындаушы мемлекет беру туралы сұрау салса, онда мыналар қамтылуға тиіс:
  •     1) сотталған адам, оның азаматтығы және тұрғылықты жері туралы дербес деректер;
  •     2) Үкім шығарушы мемлекетте оларға байланысты үкім шығарылған әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатынын көздейтін Үкімді орындаушы мемлекеттің тиісті заңнамасынан үзінді көшірме;
  •     3) сұрау салу бойынша шешім қабылдау үшін маңызды болуы мүмкін басқа да құжаттар мен ақпарат.
  •     5. Егер Үкімді орындаушы мемлекет ұсынылған ақпарат пен құжаттар жеткіліксіз деп пайымдаса, онда ол қосымша мәліметтер сұратады және оларды ұсыну үшін тиісті мерзім белгілейді.
  •     6. Қосымша құжаттарды белгіленген мерзімде ұсыну бойынша сұрау салу орындалмаған жағдайда, беру туралы сұрау салу бойынша қолда бар ақпарат пен құжаттар негізінде шешім қабылдануға тиіс.
  • 9-бапБеру туралы сұрау салу бойынша шешім

  •       1. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімге және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес беру туралы шешім қабылдайды.
  •     2. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа беру туралы сұрау салуды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.
  •     3. Беруден бас тартылған жағдайда мұндай шешім дәлелді болуға тиіс.
  •     4. Беру туралы шешім қабылдау кезінде қылмыстың сипаты мен ауырлығы, қылмыс жасалған кездегі оқиғалар мен мән-жайлар, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу мүмкіндігі, сотталған адамның жасы мен денсаулық жағдайы, оның отбасылық жағдайы, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуы ескеріледі.
  •     5. Басқа Уағдаласушы Тарапта жазаның орындалуы ешбір жағдайда сотталған адамның Үкім шығарушы мемлекеттегі болған жағдайымен салыстырғанда, оның жағдайын нашарлатпауға тиіс.
  •     6. Егер үкім өзінің сипаты немесе ұзақтығы бойынша Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген жазаға сәйкес келмесе, бұл мемлекет өзінің ұлттық заңнамасы негізінде оны сол қылмыс үшін өзінің ұлттық заңнамасында көзделген жазаға мүмкіндігінше сәйкес келетін жазамен ауыстыруға тиіс. Жаза өзінің сипаты немесе ұзақтығы бойынша жаза Үкім шығарушы мемлекетте тағайындалған жазаны ауырлатпауға және сол қылмыс үшін Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген ең жоғары мерзімнен аспауға тиіс. Жаза Үкімді орындаушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы бойынша осыған ұқсас қылмысқа қолданылатын жазаның кез келген ең төменгі мерзімімен шектелмеуге тиіс.
  • 10-бапСотталған адамның келісімі

  •       Үкім шығарушы мемлекет сотталған адамның беруге келісімді осы Келісімнің 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес өз еркімен және осындай берудің құқықтық салдарын толығымен түсіне отырып беруін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
  • 11-бапСотталған адамды беру

  •       Сотталған адамды беру және қабылдау орны, уақыты мен тәсілі Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша айқындалады.
  • 12-бапБерудің Үкім шығарушы мемлекет үшін салдары

  •       1. Сотталған адамды Үкімді орындаушы мемлекетке беру Үкім шығарушы мемлекеттің үкімді орындауын тоқтата тұруын көздейді.
  •     2. Үкімді орындаушы мемлекет үкімнің орындалуы аяқталды деп есептеген кезде Үкім шығарушы мемлекеттің өз үкімін орындауға құқығы жоқ.
  • 13-бапҮкімді орындаушы мемлекетте үкімдердің орындалуы

  •       Үкімді орындаушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес үкімді орындауды жалғастырады.
  • 14-бапРақымшылық жасау, кешірім жасау немесе жазаны жеңілдетудің басқа дашаралары

  •       1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес берілген адамға қатысты рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісін не жазаны жеңілдетудің басқа да шараларын қолдана алады.
  •     2. Үкім шығарушы мемлекет қана үкімді қайта қарау туралы кез келген өтінішхат бойынша дербес шешім қабылдайды.
  •     3. Уағдаласушы Тараптар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шешімдер туралы бір-біріне хабарлауға тиіс.
  • 15-бапҮкімнің күшін жою және оны өзгерту

  •       1. Егер беру негізделген үкім кейіннен Үкім шығарушы мемлекетте күшін жойса немесе өзгертілсе, осы мемлекет бұл туралы Үкімді орындаушы мемлекетті дереу хабардар етуге тиіс.
  •     2. Жоғарыда көрсетілген шешімнің негізінде Үкімді орындаушы мемлекеттің құзыретті органы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу туралы өз шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы шешім қабылдауға тиіс.
  • 16-бапҮкімнің орындалуы туралы ақпарат

  •       Үкімді орындаушы мемлекет Үкім шығарушы мемлекетке мынадай жағдайларда, егер:
  •     1) үкімнің орындалуы аяқталды деп есептесе;
  •     2) сотталған адам жаза мерзімі аяқталғанға дейін қашып кетсе немесе қайтыс болса;
  •     3) Үкім шығарушы мемлекет осындай ақпаратты сұратса, үкімді орындау туралы ақпаратты беруге тиіс.
  • 17-бапТранзит

  •       1. Уағдаласушы Тараптар өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес және өз мүдделеріне нұқсан келтірместен, екінші Уағдаласушы Тарапқа үшінші тарап берген сотталған адамның өз аумағы арқылы транзитіне рұқсат бере алады.
  •     2. Осы мақсатпен Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа орталық орган арқылы немесе аса шұғыл жағдайларда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (ИНТЕРПОЛ) арқылы тасымалданатын адамның жеке басы туралы ақпаратты, оның азаматтығы туралы ақпаратты және істің қысқаша мән-жайларының баяндалуын қамтитын транзитке сұрау салуды жібереді. Транзит туралы сұрау салуға адамның берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
  •     3. Транзит кезінде Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап тасымалданатын адамды өз аумағында күзетпен ұстауға тиіс.
  •     4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса және транзит мемлекетінде қону жоспарланбаса, транзитке рұқсат талап етілмейді. Транзит мемлекетінің аумағында жоспарланбаған қону жағдайында транзитті жүзеге асыратын мемлекет бұл туралы транзит мемлекетін дереу хабардар етуге тиіс және транзит мемлекеті транзитке сұрау салуды күту кезінде тасымалданатын адамды он бес (15) тәулікке дейін күзетпен ұстауға тиіс.
  •     5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде транзитке сұрау салу алынбаса, егер Уағдаласушы Тараптар өзгеше туралы уағдаластыққа қол жеткізбеген болса, адам босатылуы мүмкін.
  • 18-бапШығыстар

  •       1. Осы Келісімді орындауға байланысты шығыстарды Уағдаласушы Тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына және осы Келісімге сәйкес көтереді.
  •     2. Үкімді орындаушы мемлекет:
  •     a) Үкім шығарушы мемлекеттің аумағында ғана жұмсалған шығыстардан басқа, сотталған адамды беру;
  •     b) берілгеннен кейін үкімді одан әрі орындау бойынша шығыстарды көтереді.
  •     3. Транзитке байланысты шығыстарды транзит сұрататын Уағдаласушы Таран көтереді.
  • 19-бапУақытқа қарай қолданылуы

  •       Осы Келісім адамның қашан сотталғанына қарамастан, ол күшіне енгеннен кейін алынған барлық беру туралы сұрау салуларға қолданылады.
  • 20-бапОсы Келісімнің басқа да халықаралық шарттармен арақатынасы

  •       Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын кез келген басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
  • 21-бапКеліспеушіліктерді реттеу

  •       Осы Келісімді түсіндіруге немесе іске асыруға байланысты туындайтын кез келген даулар Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
  • 22-бапҚорытынды ережелер

  •       1. Осы Келісім ратификациялануға жатады.
  •     2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.
  •     3. Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады және осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
  •     4. Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тараптың осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап бір жүз сексен (180) күн өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
  •     5. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу кезеңінде басталған беру жөніндегі рәсімдер оларды толық орындағанға дейін күшінде қалады.
  •     Осыны КУӘЛАНДЫРУ YШІH тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
  •     20 жылғы____________ _______________әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
  •     Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
  •  
  • Қазақстан Республикасы үшінМарокко Корольдігі үшін
  •  
  •  
  • Қазақстан Республикасының
  • Президенті 
  • Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Тұңғ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәу...

Толық оқу »

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 781 Жарлығы.Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымд...

Толық оқу »

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдау...

Толық оқу »

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентiнiң жалақысы заңдарда белгiл...

Толық оқу »

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғ...

Толық оқу »

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы. Қазақстан Р...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президенті: 1) Жоғары Сот...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жа...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын...

Толық оқу »

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері Қоғамдық кеңестер туралы Заңы

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық...

Толық оқу »

12-1-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

12-1-бап. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII ҚРЗ"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарл...

Толық оқу »

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы Қазақстан Республикасы Конституци...

Толық оқу »

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы"Қазақстан Республ...

Толық оқу »

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президент...

Толық оқу »

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi мен оның отбасы мүшелер...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғ...

Толық оқу »

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады. 1-1. Кезек...

Толық оқу »

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы Кандидаттың сайлау қорын: 1) жалпы сомасы з...

Толық оқу »

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жыл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйект...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигізу және өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының бейнесін қорлау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигіз...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Үкiметi: 1) Президент тапсырмаларының орындалуы және...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 6 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 11...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Заңы 199...

Толық оқу »

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президент науқастануына байланысты өз...

Толық оқу »

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлеке...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілде N 222-II Заңы.      Ес...

Толық оқу »

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына  арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйке...

Толық оқу »

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынш...

Толық оқу »

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) Парламент Се...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және олардың құрамына енетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының жән...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті: 1) аумақтық қорғаныс міндет...

Толық оқу »

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентi өз...

Толық оқу »

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституц...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.Қазақстан Республика...

Толық оқу »

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.ҚАУЛЫ Е...

Толық оқу »

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды.      1. Құқық қорғау органдары басшылығының пр...

Толық оқу »

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.Қа...

Толық оқу »

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президенттiң нормативтiк сипаты б...

Толық оқу »

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi ж...

Толық оқу »

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика През...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу1. Қазақстан Ре...

Толық оқу »