Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 60 Жарлығы.

 Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті мен Үкіметіактілерінің жинағындажариялануға тиіс

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартқа Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан РеспубликасныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2022 жылғы 19 желтоқсандағы№ 60 ЖарлығыменМАҚҰЛДАНҒАН
 Жоба

 

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы ШАРТ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы

      1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың және 2013 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарттың Қазақстан - Өзбекстан қатынастарындағы маңызды мәнін мойындай отырып,

      достықты дамыту мен көпқырлы ынтымақтастықты тереңдетудегі жаңа кезенді білдіретін 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы декларацияны жоғары бағалай отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актісінің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның басқа да негізгі құжаттарының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарына бейілді екенін растай отырып,

      Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамасының ережелерін негізге ала отырып,

      екі ел халықтарының мызғымас достық, тату көршілік және өзара сыйластық қағидаттарына негізделген ғасырлар бойғы тарихи, рухани және мәдени ортақтығына сүйене отырып,

      екі мемлекеттің тәуелсіз дамуының 30 жылы ішінде кең форматты екіжақты ынтымақтастықты үдемелі нығайтуда қол жеткізілген табыстардың аса маңызды мәнін атап өте отырып,

      саяси, экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кешенді дамытуды жақтай отырып,

      екіжақты өзара іс-қимылды екі бауырлас мемлекеттің өмірлік маңызды және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне сай келетін, сондай-ақ Орталық Азияда бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты фактор болатын одақтастық қатынастардың жаңа деңгейіне көтеруге ұмтыла отырып,

      одақтастық қатынастарды шарттық-құқықтық бекіту Қазақстан мен Өзбекстанның тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығы мен орнықты экономикалық дамуын одан әрі нығайтуға жәрдемдесетініне, сондай-ақ Тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетініне сенімді бола отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Шартқа сәйкес Тараптар одақтастық қатынастарды ұзақ мерзімді негізде құрады және дамытады.

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар Тараптардың жан-жақты ынтымақтастық, сенім, теңдік және ұлттық мүдделерді өзара ескеру, тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу, сондай-ақ өзара міндеттемелерді адал орындау негізінде құрылады.

2-бап

      Тараптардың бірінің пікірі бойынша үшінші мемлекеттер тарапынан қарулы шабуыл жасау қатерін төндіретін ахуал туындаған жағдайда, Тараптар оны бейбіт жолмен реттеуге ықпал ететін шаралар қабылдау мақсатында екіжақты негізде де, өздері қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шеңберінде де бір-бірімен дереу тиісті консультациялар өткізеді.

3-бап

      Тараптар қандай да бір блоктарға немесе одақтарға қатыспау міндеттемесін растайды, сондай-ақ екінші Тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір іс-қимылдарға қатысудан тартынады.

      Тараптардың ешқайсысы өзінің аумағы мен ресурстарының екінші Тарапқа қарсы агрессияны немесе өзге де дұшпандық әрекеттерді дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ екінші Тараптың мемлекеттік егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру үшін пайдаланылуына жол бермейді.

      Тараптар өз аумағында үшінші мемлекеттердің екінші Тарапқа қарсы қарулы іс-қимылдарды дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында коммуникациялар жүйесін және басқа да инфрақұрылымды пайдалануына жол бермеуге міндеттенеді.

      Тараптар өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары негізінде бейбіт жолмен/келіссөздер арқылы реттеуге жәрдемдесуге және ең алдымен, мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау мен қамтамасыз етуге күш салады.

4-бап

      Көпқырлы Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығын бауырластық, одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында одан әрі нығайту мақсатында Тараптар мемлекет басшылары басқаратын Жоғары мемлекетаралық кеңес құрып, ол одақтастық қатынастарды дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды және Тараптардың ортақ мүдделеріне байланысты барынша маңызды мәселелерді қарайды.

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жоғары мемлекетаралық кеңесі туралы ереже осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады (осы Шартқа қосымша).

5-бап

      Тараптар сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында өзара тығыз іс-қимылдар жасайды.

      Тараптар сыртқы саясатты үйлестіру мүддесінде, алдымен, ең жоғары және жоғары деңгейлерде, оның ішінде екі мемлекеттің қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары мен сыртқы істер министрлерінің қатысуымен тұрақты кездесулер тетігін пайдаланады және жетілдіреді.

      Тараптар екі мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтады.

6-бап

      Тараптар екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы қатынастар мен байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі.

7-бап

      Тараптар экономиканың әртүрлі секторларында бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өзара экономикалық кооперацияны тереңдету үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика, фармацевтика, құрылыс саласы сияқты салаларда өзара тиімді негізде кооперацияны дамытуға ықпал ететін болады.

      Тараптар индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру мақсатында өзара тиімді және тең құқылы негізде жаңа индустриялық қуаттарды ұтымды орналастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту жөніндегі іс-шараларды келіседі.

      Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда айналымын, оның ішінде қажетті жағдайлар жасау және банкаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы нығайтады және ұлғайтады.

8-бап

      Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің орнықты дамуына ықпал ететін ұлттық экономикалардың энергия тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында энергетика саласында, оның ішінде мұнай-газ, электр энергетикасы салаларында, жаңартылатын энергия көздері саласында тең құқықтылық пен өзара тиімді қатынастар негізінде ынтымақтастықты жалғастырады.

      Тараптар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды, оның ішінде мұнай өндеу объектілері мен құбыржол инфрақұрылымын салу арқылы іске асыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастырады.

9-бап

      Тараптар инвестициялық қызметке, өзара инвестицияларды көтермелеу мен қорғауға қолайлы жағдайлар жасайды.

      Тараптар кәсіпкерлік пен өзге де шаруашылық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бірлестіктердің әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарын және заңды тұлғалар мен экономикалық ынтымақтастықтың басқа да субъектілерінің арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі.

10-бап

      Тараптар трансшекаралық су ресурстарын ұтымды және өзара тиімді пайдалану мен су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану, сондай-ақ суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізу бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.

11-бап

      Тараптар өздері қатысушысы болып табылатын екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарға сәйкес әрекет ете отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тығыз өзара іс-қимыл жасайды, экологиялық, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы апаттардың алдын алу және олардың салдарымен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

      Тараптар өз аумақтарында халықтың және аумақтардың тыныс-тіршілігіне қатер төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға өзара көмек көрсетеді.

      Тараптар тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын рекультивациялау бөлігінде тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

12-бап

      Тараптар өздері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру, сондай-ақ өз аумақтарында қолайлы, оның ішінде Тараптардың бірінің аумағынан баратын ауыл шаруашылығы тауарларын транзиттік тасымалдау үшін рәсімдерді оңайлату бойынша жағдайлар жасау арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тығыз ынтымақтық жасайды.

13-бап

      Тараптар жүктер мен жолаушыларды қолайлы және өзара тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған өзара байланысты көлік жүйесін одан әрі дамыту үшін қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.

      Бұл ретте Тараптар өздері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптардың бірінің аумағынан шығарылатын тауарларды транзиттік тасымалдау рәсімдерін оңайлату бойынша өз аумақтарында қолайлы жағдайлар жасауда тығыз ынтымақтастық жасайды.

14-бап

      Тараптар екі ел халықтарының рухани және мәдени жақындығын сақтауға, ғылым, білім беру, медицина, спорт, мәдениет, мәдени мұра, туризм, ақпарат алмасу саласындағы өзара байланыстарды тереңдетуге жан-жақты ықпал етеді.

      Тараптар Өзбекстан Республикасының аумағында тұратын этникалық қазақтар және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық өзбектер үшін олардың ана тілін, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту ісінде қолайлы жағдайлар жасайды.

      Тараптар шығармашылық одақтар мен бірлестіктердің, мәдениет, әдебиет, ғылым, білім және өнер қайраткерлерінің арасында тарихи тұрғыдан қалыптасқан байланыстар мен қатынастардың негізінде ортақ мәдени-гуманитарлық кеңістікті сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.

15-бап

      Тараптардың әрқайсысы өз аумағында екінші Тараптың заңды және жеке тұлғаларының меншік құқығы мен мүлкін қорғауға кепілдік береді.

16-бап

      Тараптар өңірлік жақындасудың өзара мүдделері мен идеяларын ілгерілете отырып, өңірдегі бейбітшілік пен келісім атмосферасын нығайту ісінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзара тиімді әскери ынтымақтастық жасайды.

      Тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерін жалпы өңірлік сипаттағы мәселелерді кешенді түрде талқылау мен сындарлы түрде шешу үшін айрықша құзырлы тетік деп есептейді.

      Тараптар барлық қатысушы мемлекеттердің мүдделерін қатаң құрметтеу жағдайында жан-жақты ынтымақтастықты нығайту және осы алаңның әлеуетін барынша іске қосу мақсатында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің форматын жетілдіру бойынша мақсатты түрде өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ бір-бірінің мүдделерін өзара құрметтеу негізінде Орталық Азия мемлекеттерінің өздерінің өңірлік аспектілердің бүкіл кешені бойынша өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.

      Тараптар Орталық Азияның су-экологиялық проблемаларын шешудегі өңірлік институционалдық алаң болып табылатын Халықаралық Аралды құтқару қорының шеңберінде тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады, Арал мен Арал маңы аудандарының экологиялық жүйесін қалпына келтіру, сондай-ақ аумақтарды, оның ішінде Арал апатының ықпалына ұшыраған аумақтарды экологиялық жағынан сауықтыруға және әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға бағытталған халықаралық және өңірлік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауды жалғастыра береді.

17-бап

      Тараптар қарусыздандыру және жаппай қырып-жою қаруларының барлық түрлерін және оларды жеткізу құралдарын таратпау, оның ішінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) және оның барлық аспектілерінде таратпау режимін тиімді жүзеге асыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасайды.

      Тараптар Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалануда ынтымақтастықты дамыту, радиоактивтік ластанудан зардап шеккен аумақтарды экологиялық жағынан оңалтудағы ынтымақтастықты дамыту мен өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылатынына сенімді бола отырып, өзінің 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында қол қойылған Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың ережелеріне бейілді екенін растайды және Орталық Азия өңірінің ядролық қарусыз мәртебесін одан әрі нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыра береді.

18-бап

      Тараптар жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өңірлік және жаһандық проблемаларын шешу ісінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі рөлін одан әрі нығайтуға бейілді екенін растайды.

19-бап

      Тараптар тиісті консультациялар жүргізе отырып, негізгі халықаралық проблемалар мен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұстанымдарды айқындау кезінде өзара іс-қимыл жасайды.

      Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының, Түркі мемлекеттері ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар мен форумдардың шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға екі жақтан да ұмтылыс бар екенін атап көрсетеді.

20-бап

      Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес халықаралық терроризмді, діни экстремизмді және сепаратизмді, трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікті, кибер қылмыскерлікті, заңсыз көші-қонды, адам саудасын, қару-жарақтың, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимылда ынтымақтастықты одан әрі дамыту және терендету үшін өз күш-жігерлерін үйлестіріп, біріктіретін болады.

      Тараптар заңсыз көші-қонға, оның ішінде жеке тұлғалардың өз аумағынан және ол арқылы заңсыз өтуіне қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.

      Тараптар қауіпсіз, реттелген және заңды еңбек көші-қоны саласындағы қатынастарды дамытуға ұмтылады.

21-бап

      Осы Шарт үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және Тараптардың өздері қатысушысы болып табылатын басқа да екіжақты және көпжақты халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

22-бап

      Осы Шарттың ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар қажет болған жағдайда өзара мүддені білдіретін нақты ынтымақтастық салаларында жекелеген халықаралық шарттар жасайтын болады.

23-бап

      Осы Шартты іске асыру кезінде туындайтын келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.

24-бап

      Осы Шарт ратификациялануға жатады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Шарт Тараптардың бірі екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап он екі ай өткенге дейін күшінде қалады.

      2022 жылғы Ташкент қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Тараптар осы Шарттың ережелерін түсіндіру мақсатында орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

 

Қазақстан Республикасы үшінӨзбекстан Республикасы үшін

 

 

 Қазақстан Республикасымен Өзбекстан Республикасыарасындағы одақтастыққатынастар туралы шартқаҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жоғары мемлекетаралық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

      1. 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы декларацияға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы (бұдан әрі - Тараптар) Жоғары мемлекетаралық кеңес кұрды.

      2. Жоғары мемлекетаралық кеңес қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын жоғары деңгейде бақылайтын мемлекетаралық орган болып табылады.

      3. Жоғары мемлекетаралық кеңесті мемлекет басшылары басқарады.

      4. Жоғары мемлекетаралық кеңес өз отырыстарын келісілген мерзімдерде Тараптардың әрқайсысының аумағында кезекпен тұрақты негізде өткізеді.

      5. Шұғыл мәселелерді шешу үшін кез келген Тараптың бастамасы бойынша Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін.

      6. Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырыстарына Тараптардың үкіметтері мен парламенттерінің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ шақырылған адамдар (келісу бойынша) қатыса алады.

      7. Жоғары мемлекетаралық кеңес қажеттігіне қарай тұрақты немесе уақытша негіздегі жұмыс топтарын құра алады.

      8. Егер мемлекет басшылары өзгеше шешім қабылдамаса, аумағында кезекті кездесу өтетін Мемлекет басшысы Жоғары мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып табылады.

      9. Жоғары мемлекетаралық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      екіжақты қатынастардың неғұрлым маңызды саяси, экономикалық мәселелерін қарастырады;

      одақтастық қатынастарды дамыту мен нығайтудың негізгі бағыттарын айқындайды;

      өзара мүддені білдіретін өңірлік және жаһандық негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымды айқындайды.

      10. Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдері мен ұсынымдары консенсус негізінде қабылданады.

      11. Жоғары мемлекетаралық кеңес өз қызметінде екі Тарап та қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды, өзінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

      12. Тараптар өз делегацияларының Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарды өздері көтереді. Қабылдаушы мемлекет Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырушылық, ақпараттық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды.

      13. Жоғары мемлекетаралық кеңестің қызметін үйлестіру Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне (бұдан әрі - СІМК) жүктеледі. СІМК туралы ереже Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімімен бекітіледі.

      СІМК Жоғары мемлекетаралық кеңестің қабылдауына енгізілетін күн тәртібінің, шешімдердің және қорытынды құжаттардың жобаларын қарайды және мақұлдайды.

      14. Жоғары мемлекетаралық кеңес қабылдайтын шешімдер мен құжаттар екі данада қазақ, өзбек және орыс тілдерінде жасалады.

      15. Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмыс тілдері қазақ, өзбек және орыс тілдері болып табылады.

      16. Қажет болған жағдайда, Тараптар өзара келісу бойынша осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

      Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысында қабылданады.

    

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Тұңғ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәу...

Толық оқу »

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 781 Жарлығы.Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымд...

Толық оқу »

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдау...

Толық оқу »

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

29-бап. Республика Президентiнiң жалақысы және еңбек демалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентiнiң жалақысы заңдарда белгiл...

Толық оқу »

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғ...

Толық оқу »

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы. Қазақстан Р...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президенті: 1) Жоғары Сот...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жа...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын...

Толық оқу »

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері Қоғамдық кеңестер туралы Заңы

5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық...

Толық оқу »

12-1-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

12-1-бап. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII ҚРЗ"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарл...

Толық оқу »

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 7 Жарлығы Қазақстан Республикасы Конституци...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 690 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қарашадағы №...

Толық оқу »

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы

Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы"Қазақстан Республ...

Толық оқу »

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президент...

Толық оқу »

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

28-бап. Республика Президентiнiң қызметiн мемлекеттiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi мен оның отбасы мүшелер...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын қайта ұйымдастыру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғ...

Толық оқу »

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады. 1-1. Кезек...

Толық оқу »

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы Кандидаттың сайлау қорын: 1) жалпы сомасы з...

Толық оқу »

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жыл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйект...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигізу және өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының бейнесін қорлау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 373-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде тіл тигіз...

Толық оқу »

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Үкiметi: 1) Президент тапсырмаларының орындалуы және...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 6 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы

Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 11...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралыҚазақстан Республикасының Заңы 199...

Толық оқу »

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

26-бап. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президент науқастануына байланысты өз...

Толық оқу »

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлеке...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілде N 222-II Заңы.      Ес...

Толық оқу »

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына  арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйке...

Толық оқу »

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынш...

Толық оқу »

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

13-бап. Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) Парламент Се...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және олардың құрамына енетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының жән...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Конституциясы 98-бабының 1-тармағын және "Қазақстан Республикасының соттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 724 Жарлығы...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті: 1) аумақтық қорғаныс міндет...

Толық оқу »

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Президентi өз...

Толық оқу »

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституц...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығы.Қазақстан Республика...

Толық оқу »

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.

Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 494 Жарлығы.ҚАУЛЫ Е...

Толық оқу »

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды.      1. Құқық қорғау органдары басшылығының пр...

Толық оқу »

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

2-бап. Республика Президентiн сайлау Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.Қа...

Толық оқу »

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

25-бап. Республика Президентiнiң актiлерiн күшiне енгiзу мен жариялау тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Президенттiң нормативтiк сипаты б...

Толық оқу »

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

19-бап. Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Республика Президентi: 1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi ж...

Толық оқу »

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика През...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 374-бабына түсініктеме. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу1. Қазақстан Ре...

Толық оқу »