Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 5 қазан N 223

"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңына сәйкес 

қаулы етемін:      

1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 1999 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарынан запасқа шығарылсын.      

2. 1999 жылдың қазан-желтоқсанында шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.      

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді және атқарушы органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті әскери комиссариаттар арқылы азаматтарды 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.      

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды, оларды мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен

 

әскери құралымдарға жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген

мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және

материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

     5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

           Президенті

     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Кобдалиева Н. 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы