Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 3648

   "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес 

қаулы етемiн:      

1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер 1997 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары қатарынан запасқа шығарылсын.      

2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейiнге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.      

3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара iс-әрекет жасай отырып, жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрге әскери комиссариаттар арқылы облыстық қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсiн, шақыруды ұйымдасқан түрде өткiзу және мерзiмдi әскери қызметiн өткеру үшiн шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту жөнiнде шаралар қолданатын болсын.      

4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды iздестiру және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдансын.      

5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы "Жалпыға бiрдейәскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Жарлықтың дәл және бiркелкi қолданылуын қадағалауды қамтамасыз етсiн.

6. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы