Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік баж некені бұзу туралы талап қоюлар бойынша

Мемлекеттік баж некені бұзу туралы талап қоюлар бойынша

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік баж некені бұзу туралы талап қоюлар бойынша

Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сотқа берілетін некені бұзу туралы талап қоюлардан 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж (бұдан әрі – мемлекеттік баж) алынады.Мемлекеттік бажды төлеу және оны төлеу дәлелдері талап қоюға қоса тіркеу талап қоюды сот ісін жүргізуге қабылдау және оны қарау үшін міндетті болып табылады.Мемлекеттік бажды төлеуші талап қоюшы болып табылады.

Алайда, соттар талап қоюшының емес, жауапкердің мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекті қоса берген талап қоюларын қабылдайтын жағдайлар бар.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық соты Б. К.-нің некені бұзу туралы Б.Н.-ге қойған талабын іс жүргізуге қабылдаған, ал талап қоюды Б.К. берген, мемлекеттік бажды жауапкер Б. Н. төлеген.Талап қоюшы сотқа талап қоюды беру кезінде төленген мемлекеттік баж АПК-нің 109-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығарылған кезде жауапкерден талап қоюшыға алып берілетінін істі зерделеу көрсетті.

Сонымен қатар, талап қоюды қанағаттандыру кезінде некені бұзу туралы талап қоюды беру кезінде мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығыстары жауапкерден талап қоюшының пайдасына өндіріп алынбайтын жағдайлар бар.

Жетісу облысы, Талдықорған қалалық сотының 2022 жылғы 24 қарашадағы шешімімен С.Т.-нің некені бұзу туралы С.П.-ға қойған талабықанағаттандырылды. Сот жауапкердің әрекеттері сотқа талап қоюға ықпал еткен жоқ уәждей отырып, талап қоюшының некені бұзу туралы талап қоюды берген кезінде төлеген мемлекеттік бажды жауапкерден өндіріп алған жоқ.

Тағы бір мысал: 2021 жылғы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Теміртау қалалық соты А.О.-ның некені бұзу туралы А.Е.-ге қойған талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарған. Сот талап қоюшы мемлекеттік бажды төлеуге байланысты шығыстарды өтеуді сұрамағанын алға тартып, сот шығыстарын қайта бөлу туралы мәселені шешпеген.

Кейбір істер бойынша сот шығыстарын өтеуге байланысты мәселе мүлдем қаралмаған және бұл туралы шешімде көрсетілмеген (К.Н.-нің некені бұзу туралы К.А.-ға қойған талабы бойынша Қарағанды облысы, Саран қалалық сотының 2021 жылғы 17 мамырдағы шешімі, К.А.-ның некені бұзу туралы М.Е.-ге қойған талабы бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы шешімі).

Соттар мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы мәселенің шешімі АПК-нің 109-бабының бірінші бөлігінің ережелерінде жазылғанын және талап қоюшының бұл туралы мәлімдегеніне немесе мәлімдемегеніне қарамастан, сот шешімінің қарар бөлігінде көрсетілуге тиістігін есте ұстағандары жөн. 

Соттардағы мемлекеттік бажды төлеу туралы мәселелерді шешу бойынша әртүрлі практика Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттер өндіріп алынатын жағдайда, яғни алименттер өндіріп алу туралы талаптарды тараптардың ешқайсысы мәлімдемеген кезде де қалыптасқан.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының № 2 аудандық сотының 2020 жылғы 29 маусымдағы шешімімен Г. (Д.) Б.-ның некені бұзу туралы Г.А.-ға қойған талабы қанағаттандырылды. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері жауапкермен бірге екендігі айқындалды. Талапқоюшыдан жауапкердің пайдасына баланы күтіп-бағуға алимент өндірілді.

Бұл ретте, АПК-нің 117-бабындағы тәртіппен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы мәселені сот алимент өндіріп алу туралы талап қоюдың мәлімделмегеніне сілтеме жасап шешпеген, ал алимент төлеу мөлшері мен тәртібі туралы мәселе Кодекстің 22-бабындағы тәртіппен, яғни заңда тікелей көрсетілуіне байланысты шешілген.

Басқа соттар мұндай талап қою болмаған кезде алименттерді өндіріп алу туралы мәселені шеше отырып, АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасын негізге ала отырып, мемлекеттік бажды өндіріп алған.Мысалы, Орал қаласы сотының 2020 жылғы 5 мамырдағы №2 шешімімен И.А.-ның некені бұзу туралы И.Н.-ге қойған талабықанағаттандырылған. Неке бұзылды. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері анасымен – жауапкер И.Н.-мен бірге екендігі анықталды, талап қоюшы И.А.-дан жауапкер И.Н.-нің пайдасына кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттер өндірілді.

Сот талап қоюшы И.А.-дан мемлекет кірісіне АПК-нің 117-бабы 1-тармағының негізінде 6 258 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірді (талап қою бағасы АПК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалды).

Салық кодексінің 616-бабының 4) тармақшасына сәйкес алименттерді өндіріп алу туралы талап қою бойынша талапкерлер мемлекеттік бажды төлеуден босатылатындықтан, егер ол заңға сәйкес сот шығыстарын төлеуден босатылмаса, АПК-нің 117-бабының бірінші бөлігіндегі тәртіппен алимент төлеуге міндетті адамнан мемлекеттің кірісіне мемлекеттік бажды өндіріп алу дұрыс болып саналады .

Дауды реттеудің соттан тыс тәртібі сақталмауына байланысты талап қоюды қайтаруЖоғарғы Сот 2021 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Оған сәйкес «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулысына (бұдан әрі - – Нормативтік қаулы)өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгерістер енгізу соттардың кәмелетке толмаған ортақ балалары, сондай-ақ, мүліктік және өзге де талаптарды жоқ ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы істерді қарауынан туындады, ал Кодекске сәйкес мұндай ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен некені бұзу тіркеуші органда жүргізіледі.

Жаңа редакцияда жазылған Нормативтік қаулының 6-тармағына сәйкес, бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын және кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлізайыптылықты) бұзу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуі үшін жауапкердің тіркеуші органда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тартқанын не оның қарсылығының болмауына қарамастан, некені (ерлізайыптылықты) бұзудан жалтарғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынуы қажет. Көрсетілген дәлелдемелерді ұсыну талап қоюшының міндеті болып табылады. Мұндай дәлелдемелер болмаған жағдайда осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібінің сақталмауына байланысты АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сілтеме жасалып, арыз қайтарылуы тиіс.

Бұл ретте, жауапкердің тіркеуші органда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тартқанын немесе оның некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғанын растау үшін талап қоюшы қандай құжаттарды ұсына алатыны туралы түсіндірулер берілген. Талдау көрсеткендей, 2020-2021 жылдары соттарда кәмелетке толмаған ортақ балалары мен мүліктік даулар жоқ ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу туралы істер бойынша практика біркелкі емес.

Кейбір судьялар АХАТ басшыларының екінші жұбайының келмеуіне байланысты арыздың қаралмағаны және сотқа жүгіну ұсынылғаны туралы хаттарын некені тіркеуші органда бұзу мүмкін еместігінің дәлелдемесіретінде қабылдады және тиісінше неке сот тәртібімен бұзылды, ал басқа судьялар мұндай хаттар жұбайының тіркеуші органға келуден жалтарғанын немесе оның некені бұзуға келіспеуін растамайтынын көрсете отырып, талапқоюларды қайтарған.

Талап қоюшы тіркеуші органда некені бұзу үшін барлық шараларды қабылдаған жағдайларда, соттар талап қоюды қарауға қабылдап, некені бұзған. 

Мысал: Қостанай облысы, Федоров аудандық соты К.С.-ның некені бұзу туралы К.В.-ға қойған талабын қабылдаған.Талап қоюшының тіркеуші органға некені бұзу туралы арызбен бірнеше рет жүгінгені, жауапкердің атына жіберілген хабарлама бар екені анықталған. Алайда, жауапкер некені бұзуға келмеген.

Талап қоюшы өзінің тіркеуші органға жүгіну фактісін, сондай-ақ,екінші жұбайына некені бұзу ниеті туралы хабарлама жібергенін растайтын барлық қажетті дәлелдемелерді ұсынғандықтан, талап қою соттың іс жүргізуіне негізді түрде қабылданды және соттың 2022 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Соттарда жауапкердің некені бұзудан жалтарғанына немесе некені бұзуға келісімінің жоқтығына дәлелдемелердің бар-жоғын тексеруге формальды көзқарасқа жол берілетін, нәтижесінде талап қоюларөтініш берушілерге негізсіз қайтарылатын жағдайлар орын алады.

Мысал: 2022 жылғы 27 тамызда Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен Ф.М.-нің некені бұзу туралы Ф.Т.-ға қойған талабына қатысты іс бойынша Жамбыл облысы,Қордай аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымының күшіжойылды.

Бірінші сатыдағы сот соттан тыс тәртіптің сақталмауына байланысты талап қоюды қайтара отырып, талапкердің тіркеуші органға жүгінгенін растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанын көрсеткен. Ал талап қоюға жауапкердің некені бұзу ниеті туралы хабарламаны алғаны туралы құжаттар және тіркеуші органға бірлесіп жүгіну жөніндегі ұсыныс қоса берілген. 

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы

Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы N 83-IV Заңы       Мәскеуде 2008 жылғы 2...

Толық оқу »

Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілді

Келтірілген зиян мен мемлекеттік баж даулы жер телімінің иесінен емес оның атынан әрекет етушіден өндірілгендіктен сот шешімі өзгертілдіТалапкер Ш. жауапкерлер - Ә., Н., Оңтүс...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж. Сот шығыстары

Мемлекеттік баж. Сот шығыстарыСалық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ерекше іс жүргізу істері бойынша сотқа берілетін өтініштерден мемлекеттік баж 0,5 А...

Толық оқу »

287-бап. Кедендік баждар салудан босату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

287-бап. Кедендік баждар салудан босату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен 2025жылғы18шiлдедегi№ 215-VIII ҚРЗ    ...

Толық оқу »

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Өзі...

Толық оқу »

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік баж

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік бажАПК-нің 253-бабының бірінші бӛлігіне сәйкес тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы ӛтіні...

Толық оқу »

134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарын...

Толық оқу »

137-бап. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

137-бап. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот бұйрығын беру туралы арыз үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемд...

Толық оқу »

51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

51-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Одақтың к...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

103-бап. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

103-бап. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату немесе оны төле...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, бұрынғы лауазымын қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, өге де төлемдерді туралы талаптары бойынша мемлекеттік бажды тӛлемейді

Мемлекеттік баж бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, бұрынғы лауазымын қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, өге де төлемдерді...

Толық оқу »

116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

116-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы негізгі ережелер Қазақстан Республика...

Толық оқу »

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қа...

Толық оқу »

129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

129-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті төлеушінің банктік шоттарындағы ақшасы есебінен өндіріп...

Толық оқу »

Кедендік дауларға байланысты істер бойынша төленетін мемлекеттік баж

Кедендік дауларға байланысты істер бойынша төленетін мемлекеттік баж2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Толық оқу »

122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомаларының есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

122-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті аванстық төлемдер сомасының, кедендік төлемдердің, салық...

Толық оқу »

246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағ...

Толық оқу »

550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік рет...

Толық оқу »

Мемлекеттік баж

Мемлекеттік баж"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 607-бабына сәйкес мемлекеттік баж заңды маңы...

Толық оқу »

132-бап. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

132-бап. Төлеушiнің билік етілуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек есебіне өткізу тә...

Толық оқу »

128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

128-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Қазақстан Республикасында...

Толық оқу »

143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

120-бап. Кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу...

Толық оқу »

121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

121-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есепт...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

103-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажы

103-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажыМемлекеттік бажды төлеу тәртібі мен оның мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босат...

Толық оқу »

Экспорттық кедендік баж

Экспорттық кедендік баж Талапкер бұл шығыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығы негізінде ескерді.Жауапкер бұл шығысты...

Толық оқу »