46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң
1. Күзетпен ұстау орындары орналасқан ауданда табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше, ерекше жағдай және соғыс жағдайы енгізілген кезде, күдіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.
Ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына көрсетілген мерзімдерде қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.
2. Ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде:
1) күзетпен ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды күзету, өткізу режимі және қадағалау күшейтіледі;
2) мыналар:
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың қатысуымен өткізілетін барлық іс-шаралар;
сауқаттар мен сәлемдемелер қабылдау;
қорғаушымен кездесу;
осы Заңның 17-бабында санамаланған туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу;
күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысу үшін шығуы;
күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстыру шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;
3) мынадай:
күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде жеке қаражатынан төленетін телефон арқылы сөйлесу;
күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен осы Заңның 17-бабында көзделген тәртіппен мекемеде бар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып кездесулер ұйымдастырылуы мүмкін.
3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.
4. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдай режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам жояды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы.
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы