Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды

 

 

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Түркестан қаласы, 160-квартал, 498

8-725-33-59-704, 8 (701) 567-83-92

725-2460@sud.kz , 130203@sud.kz

 

Қорғаушы: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичтен

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,

 Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕК

ИИН  

Түркістан облысы, М  ауданы, Н Е  ауылы, Ж  көшесі, 12 үй.

 

 

 

Шағым

 (ҚР ҚПК 107 бабы негізінде)

 

07 наурыз 2025 жылы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбеков, Мақтаарал ауданы прокуратурасының  прокуроры Е.Саржан, күдікті АЕКанатбаевич, қорғаушы - адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен, ашық сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану арқылы қаулы етті:

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Д.Жақсылықтың  күдікті Есен Канатбаевич Ақа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылсын.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп күдіктелген Есен Канатбаевич Ақа бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды 2025 жылы 28 сәуір 23 сағат 05 минутқа дейін 2 (екі) ай мерзімге  санкция  берілсін.

Күзетпен ұстау мерзімі Есен Канатбаевич Атың нақты ұсталған  уақыты  2025 жылдың 28 ақпан 23 сағат 05 минуттан бастап есептелсін.

 

Құрметті сот, аталған сот қаулысымен келіспейміз, себебі күдікті АЕКанатбаевичті қамауға алуға негіз жоқ. күдікті А Е.К., бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты тұрғылықты жері бар, жеке басы анықталған.

Күдікті А Е.К., қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға немесе істі объективті тергеуге немесе оның сотта қаралуына кедергі келтіруге ниетті емес.

Сонымен қатар, күдікті А Е.К., өз от басысының жалғыз асыраушысы, диханшы, үйленген, заңды некедегі жұбайы: Оспанова Динара Нұржанқызы, (үйде бала тірбиесімен айналысуда) ортақ некеден 5 (бес) кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар:

1.     Аа Асия Есеновна 15.12.2013 ж.т.

2.     Аа Айша Есеновна 26.05.2015 ж.т.

3.     Қ. Али Есенұлы 10.10.2017 ж.т.

4.     Қ. Омар Есенұлы 24.11.2020 ж.т.

5.     Қ. Абдуллах Есенұлы 23.08.2022 ж.т.

 

Сондай-ақ, күдікті Е.К Атың әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз және оның әрекетерінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ.

Қылмыстық іс матреиалдарын мұқият зерттесек  Е.К Атың Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы  дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау әрекеттері анықталмаған.

Е.К Атың іс-әрекеттерінде жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдаланбаған, сол сияқты дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолында ешқандай іс әреттер жасамаған және тергеумен ондай іс әрекеттер анықталмаған.

Сот өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Алайда тергеу соты, теріс бағыттағы дін қанадай және қай ағымдағы дін  екендігіне, күдікті өзінің қандай іс әрекеттерімен діни алауыздықты тудырды, «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздары қандай ҚР НҚА немесе сот актілерімен тиым салынғандығын анықтамай, қорғаушының уәждеріне өкінішке орай назар аударуды жөн көрмеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына және ҚР ҚПК 19-бабына сай, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

Сот актілері болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.

 

Қаралып отырған қылмыстың объектісі болып халықаралық бейбітшілікті және діни топтарының қауіпсіз өмір сүруі азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеті, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жағдайларын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Бұл қылмыстың объективті жағы діни алауыздықты қоздыру, азаматтардың діни сезімдерін қорғау, азаматтардың дінге көзқарасы айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау.

Белгілі бір нәсілдің, ұлттың, этникалық немесе діни топтың өкілдеріне дұшпандық, жеккөрушілік немесе өшпенділік сезімін қалыптастыру нәтижесінде пайда болатын әртүрлі әрекеттер: бір адам тобының басқалардан ерекшелігін немесе артықшылығын насихаттау, белгілі бір нәсілдің өкілдерін кемсіту болған жағдайда қылмыс құрамын құрайды.

Діни сезімдерді қорлау дегеніміз – азамат мойындайтын діни догмалар мен канондарды немесе оның діни көзқарасымен байланысты азаматтың жеке қасиеттерін құрметтемеушілік, өрескел мазақ ету, құрметті заттарды, дүниетанымдық рәміздерді белгілері мен эмблемаларын келеке ету (жала жабу, кемсіту, масқаралау, мазақ ету).

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық ниетпен сипатталады: кінәлі адам діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жасайтынын түсінеді, сондай-ақ көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, сол сияқты аталған ақпаратты әдебиеттер немесе өзге де жеткізгіштерді дайындау немесе тарату арқылы айрықшалықты, артықшылықты не кемшілікті насихаттайды.

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруды, егер оны жасауға екі немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласқан бірлестік қатысса, адамдар тобы жасаған деп танылады. Аталған іс-әрекеттерді, егер оларды бірлесе жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, адамдар тобы алдын ала сөз байласқан деп танылады.

– Алайда қылмыстық іс материалдырында күдікті Атың дамдар тобымен алдын ала сөз байласқаны, бейне роликтерді сақтап оны таратқаны, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жайлы ешқандай дәлел және ақпарат жоқ.

Аталғанға сүйене алдын ала тергеу органы 02 қазан 2024 жылғы Қаулысымен №255143031000006 қылмыстық іс бойынша Кешенді сот психологиялық-филологиялық және сот дінтанушылық сараптамасын тағайындаған.

07.02.2025 жыл №7 Сарапшының қорытындысын зерделей келе қылмыстық іс бойынша төменде көрсетілген күмәндарды анықтауға болады:

Сарапшы филологқа тергеушінің сұрағы:

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзу, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге үндеулер бар ма?

Жауап: Конституциясын бұзу, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге үндеулер жоқ.

 

Сарапшы дінтанушыға тергеушінің сұрағы:

– Зерттелетін материалдардың мәтіндеріндегі идеялар қандай діни ағымға жатады?

Жауап: Исламның сунниттік ағымының салафиттік бағытына жатады.

– Зерттеуге ұсынылған материалдар мәтіндерінде бір діни топтың басқасына қарсы діни араздықтың идеялары бар ма?

Жауап: Күдікті Атың ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген бейне ролигінде Сарапшының қорытындысы бойынша Діни топтың  басқасына қарсы діни араздықтың идеялары жоқ деп қорытындыға келген.

– Ұсынылған мәтіндерінде діни жүккер бойынша жихад жасау, өзін-өзі құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары бар ма?

Жауап: Осылайша зерттеуге ұсынылған объект мәтіндерінде діни уәждер бойынша жихад жасау, өзін-өзі құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары жоқ.

– Зерттелетін мәтіндерде ҚР аумағында теократиялық құрылғыны орнатуды насихаттайтын идеялар бар ма?

Жауап: Зерттеуге берілген объект мәтіндерінде ҚР аумағында теократикалық құрылысты орнатуды насихаттайтын идеялар жоқ.

Сарапшы саясаттанушыға тергеушінің сұрағы:

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлау белгілері, сондай-ақ азаматтардың діни көзқарасы, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша оларды айрықшыландыру, артықшылықты немесе кемітуді насихаттау белгілері бар ма?

Жауап: Күдікті Атың ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген бейне ролигінде Сарапшының қорытындысы бойынша тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша оларды айрықшыландыру, артықшылықты немесе кемітуді насихаттау белгілері  жоқ деп қорытындыға келген.

– Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру белгілері бар ма?

Жауап: Терроризімді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру белгілері жоқ.

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда қандай да бір ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу белгілері бар ма?

Жауап: Мәтінде қандайда бір ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу белгілері жоқ.

 

- Террористік немесе экстремистік ұйымды ұйымдастыру мақсатында тұлғаларды жасақтау, дайындау немесе қаруландыруға сілтейтін белгілер, мәліметтер бар ма?

Жауап: Террористік немесе экстремистік ұйымды ұйымдастыру мақсатында тұлғаларды жасақтау, дайындау немесе қаруландыруға сілтейтін белгілер бойынша мәліметтер жоқ.

- Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау белгілері бар ма?

Жауап: Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау белгілері жоқ.

          Күдікті А Е, жоғарыда аталған роликті жеке өзі жазып сақтаған емес, ол роликті ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген Е Атың сілтемемен бөліскен ролигінде сарапшының қорытындысы боыйынша ешқандай құқық бұзушылықтың құрамы анықталмаған.

 

Жоғарыда аталған уәждерді ескерсек тергеу соты тарапынан аманатқа қиянат жасау болды, тергеу сотына ұсынған дәлелдемелер бойынша Күдікті Е.К Аты босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабында көрсетілген негіздер бойынша Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге, оны сотта қарауға кедергі келтіруге ниеті жоқ, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауырлығы қылмыстық жауапкершілікке тартуды таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Қылмыстық-процестік  кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырыну не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.

ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының  күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        07 наурыз 2025 жылғы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбековтың, күдікті Е.К Ақа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды;

·        Күдікті Е.К Аты тергеу изоляторынан босатып, оған қатысты қамаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды.

 

Құрметтпен,

Қорғаушы                                                                    Г.Т.Саржанов

 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу