26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді оның аппараты жүзеге асырады.
Аппараттың құрылымы, сандық және дербес құрамын Ұлттық палата Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен келісу бойынша бекітеді.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты туралы ережені Басқармамен келісу бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бекітеді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы