24-бап. Соттың құрамы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
1. Әкімшілік істерді бірінші сатыдағы сотта соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды және шешеді.
2. Алып тасталды – ҚР 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Осы Кодекстің 105-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.
4. Әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды, олардың бірі төрағалық етуші болып табылады. Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жекеше шағымдарды жеке-дара қарайды.
5. Әкімшілік істерді кассациялық сатыдағы сотта сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі – кассациялық сот) судьяларының тақ санды (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істерді жаңадан қарауға жіберген жағдайларда, кассациялық сот істерді сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес судья) алқалы құрамымен қарайды.
6. Әкімшілік істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес судья) алқалы құрамында жүргізіледі.
7. Әкімшілік істі қарау үшін соттың құрамы сот талқылауының нәтижесіне мүдделі тұлғалардың оны қалыптастыруға ықпалын болғызбайтын тәртіппен судьялардың жүктемесі мен мамандануы ескеріле отырып, оның ішінде автоматтандырылған цифрлық жүйені пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы