Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаны оның неғұрлым жұмсақ түрімен немесе ЖЖА ауыстыру туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән жайларын ескеру қажет

Бірқатар жағдайларда соттар сотталушының жеке ерекшеліктерін және материалдардың нақты мән-жайларын ескермей, өтінішхаттарды қарауға ресми түрде кіріседі.

Сотталған адамның түзелгенін немесе оның тәртібінде оң өзгерістердің жоқтығын куәландыратын дәлелдемелерге жеткіліксіз көіл бөлінеді. Өтінішхаттарды уәжсіз қанағаттандыру не сотталғандарды босатудан бас тарту жағдайларына жол беріледі.

Сот актілерінде сотталған адам туралы қажетті мәліметтер және қабылданған шешімдердің себептері әрдайым беріле бермейді, бұл олардың негізділігіне күмән тудырады.

Соттар көбінесе өндіріп алудың, көтермелеудің және басқа да деректердің санын атаумен шектеледі немесе дәлелдеу бөлігі негізінен заң мен нормативтік қаулыдан дәйексөз келтіруден тұрады.

Қаулыларда сотталушының жазасын өтеу кезіндегі тәртіп туралы деректер мүлдем болмайтын жағдайлар да бар.

Мысалы, 2023 жылғы 6 сәуірде Тараз қаласының № 2 соты 2019 жылы ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған Ж. ШМБ-дан бас тартты.

Осындай шешім қабылдай отырып, сот өз қаулысында заңнама нормаларын формальды түрде келтірумен шектеліп, сотталушының жазасын өтеу кезеңіндегі тәртібі туралы деректерді мүлдем көрсетпеді, сондай-ақ ШМБ-дан өзінің бас тартуын ешнәрсемен уәждеген жоқ.

Дәл осы сот 2023 жылғы 19 желтоқсанда ҚК 96-бабының 2-бөлігі бойынша 2011 жылы 17 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Тоқтағановтың өтінішхаты бойынша ШМБ-дан бас тарту туралы ұқсас, ешнәрсемен уәжделмеген шешім қабылдады.

ҚК-нің 39-бабына сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жазалауда физикалық азап шегу немесе адамның қадір-қасиетін қорлау деген мақсат жоқ.

ҚК-нің 72, 73, 86, 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар тағайындалған жазаны толық өтемеуі мүмкін.

Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (бұдан әрі – шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе ШМБ) не жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылуы мүмкін (бұдан әрі – жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру немесе ЖЖА).

ШМБ және ЖЖА – бұл жазаны өзінің үлгілі тәртібімен және зиянды түзету бойынша күш-жігерімен ӛтеу кезеңінде жазаны одан әрі ӛтеуге мұқтаж емес екенін дәлелдеген сотталған адамға қатысты мемлекеттің ізгілік және сенім актісі.

Заң соттарға ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, ШМБ мен ЖЖА-ға құқық беретін мерзімдердің басталуын мұқият тексеруге, сотталған адамның тәртібіндегі жағымды ӛзгерістерді кешенді бағалауға міндеттейді.

Өтінішхатты қарау нәтижесінде қабылданған сот шешімі уәжді болуға және сот қорытқан қорытындылардың егжей-тегжейлі негіздемесін қамтуға тиіс.

Соңғы жылдары қоғамда ШМБ мен ЖЖА нақты өлшемшарттарының жоқтығы, оларды қолданудың ашықтығы мен объективтілігінің жеткіліксіздігі туралы пікірлер айтылуда.

ШМБ және ЖЖА институттары сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қылмыстардың қайталануын азайтуға ықпал ете отырып, қылмыстық құқық жүйесінде маңызды рөл атқарады.

ШМБ – бұл жазаның мақсаттарына қол жеткізуге байланысты сот тағайындаған қылмыстық жазаны белгіленген мерзімнен бұрын тоқтату.

Бұл ретте шартты түрде босатылған адамға қатысты, әдетте, пробациялық бақылау белгіленеді, оның барысында ол өзінің түзелгенін түпкілікті дәлелдеуге және сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс.

ЖЖА – бұл сотталушының жағдайын жақсарту институты, онда тағайындалған жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстырылады.

Бұл институттардың негізі ізгілік қағидатында құралған. Осы тұрғыда ШМБ және ЖЖА сотталғандарды тез арада түзетуге және қалыпты ӛмірге оралуға ынталандыруға бағытталған.

Заң ШМБ мен ЖЖА-ға екі негізгі ӛлшемшарттарды қолдануды негіздейді:

1) тағайындалған жазаның белгілі бір бөлігін өтеу, қасақана бұзушылықтардың болмауы және залалдың орнын толтыру (формальды өлшемшарт),

2) сотталған адамды түзету (материалдық өлшемшарт). ШМБ және ЖЖА соттың айрықша құзыреті болып табылады.

ҚПК-нің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес бұл мәселелерді үкімнің орындалу орны бойынша әрекет ететін сот шешеді.

Сотталған адамның өтінішхаты, сондай-ақ Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберіндегі өтінішхаты ғана соттың ШМБ және ЖЖА туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Бұған дейін бұрынғы ҚПК кезінде бұл мәселелер жазаны орындайтын мекеменің ұсынысы бойынша қаралған болатын.

ШМБ бас бостандығынан айыруды немесе бас бостандығын шектеуді өтеп жатқан сотталғандарға, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға ғана қолданылады.

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға ШМБ түзеу жұмыстарына сотталған кезде де, ал ЖЖА бас бостандығынан айыруға сотталған кезде ғана қолданылады.

Тізбесі ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігінде және 73-бабының 2 бӛлігінде келтірілген адамдардың санаттарына қатысты ШМБ және ЖЖА қолдануға жол берілмейді.

 Мысалы, ШМБ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы, адам ӛліміне алып келген террористік немесе экстремистік қылмыс және т.б. үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Жалпы ШМБ және ЖЖА қолдану мәселелері ҚК-нің 72, 73, 86 және 87-баптарында, ҚПК-нің 476, 477, 478 және 480-баптарында, ҚПК-нің 161, 162 және 169-баптарында, сондай-ақ «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС-ның НҚ-сында егжей-тегжейлі регламенттелген. Қолданыстағы ҚК қабылданған сәттен бастап оның ШМБ және ЖЖА қолдануға қатысты нормалары бірнеше рет ӛзгертілді, тиісінше сот практикасы да түзетілді.

Негізінен заңнамаға өзгерістер қоғамға неғұрлым қатер тӛндіретін (террористік, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы және т.б.) қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық саясатты күшейту шеңберінде енгізілді.

Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

- Конституция (бұдан әрі – Конституция);

- Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚК);

- Қылмыстық-процестік кодекс (бұдан әрі – ҚПК);

- Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК); 

- «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – «ШМБ және ЖЖА сот практикасы туралы» ЖС НҚ).

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе Жаза неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруСоттардың ұстанымы бойынша ШМБ мен ЖЖА-ның басты шарттарының бірі залалдың орнын толтыру, өнді...

Толық оқу »

Условно-досрочное освобождение или замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания

Условно-досрочное освобождение или замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания Качество материалов, предоставляемых в суд учреждением или органами, исполняю...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бост...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы.

Бас бостандығынан айыруды айыппұлға жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы.ҚК 73-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостанды...

Толық оқу »

Основные критерии при удовлетворении и отказа в удовлетворении ходатайств об УДО и ЗМН

Основные критерии при удовлетворении и отказа в удовлетворении ходатайств об УДО и ЗМН Согласно статистическим данным, из рассмотренных 10 073 ходатайств об УДО удовлетворено...

Толық оқу »

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуы

Жәбірленушінің немесе оның өкілінің УДО және ҚМН туралы өтінішхаттарды қарау кезінде қатысуыОның қатысу тиімділігі (ҚІЖК 480-бабының 6-бөлігі). Жәбірленушінің немесе оның өкіл...

Толық оқу »

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтару

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШТМБ) және жаза мерзімін жеңілдету (ЖМЖ) туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту немесе қайтаруҚР ҚІЖК-нің 480-бабы...

Толық оқу »

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелері

Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату ШМБ немесе жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру ЖЖА өтінішхаттарын жәбірленушілердің қатысу мәселелеріҚПК 480-бабының...

Толық оқу »

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалау қажет

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және тағайындалған жазаны неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сотталушының мінез-құлқындағы оң өзгерістерді...

Толық оқу »

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару ко...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002...

Толық оқу »

Комментарий к статье 71. Замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 71. Замена неотбытой части наказания более мягким видом наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Лицу, отбывающему лишение свободы за...

Толық оқу »

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания

Судебная практика об замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания а также условно-досрочном освобождении от отбывания наказания В соответствии с планом работ...

Толық оқу »

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Онша ауыр ем...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »