Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Камералдық бақылау нәтижелеріне ӘРПК бойынша дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелеріне ӘРПК бойынша дау айту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Камералдық бақылау нәтижелеріне ӘРПК бойынша дау айту туралы 

ӘРПК-нің 100-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер шағымды қарайтын орган ӘРПК-іде белгіленген мерзімдерде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап шағымды қарайтын орган шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі.

Заңның 47-бабының 1-тармағында, егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы екендігі регламенттелген.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (МАжҚБ туралы Заң) белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ, шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады (МСА туралы Заңның 18-бабы).

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бармай жүзеге асыратын бақылаудың ӛзге нысаны - – камералдық бақылауды жүргізеді.

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалармен (бұдан әрі - – № 598 Қағида) регламенттелген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (ІМАД) анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, № 598 Қағидаларда белгіленген нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны рәсімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді.

Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

ІМАД шешімін мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап, он жұмыс күні ішінде орындайды.

Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында кӛзделген тәртіппен апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы (Заңның 47-бабының 7 тармағы). Заңның 47-бабының 8-тармағы сотқа дейінгі реттеу шеңберінде әлеуетті өнім берушіге жоғары тұрған органға не сотқа жүгінуге таңдау құқығын береді (Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.).

Әлеуетті өнім беруші конкурс қорытындыларына веб-портал арқылы дау айтқан жағдайда ІМАД-ға шағыммен жүгінеді, осылайша дауды сотқа дейін реттеу сақталады. Егер ІМАД-ға шағыммен жүгіну мерзімдері өткізіліп алынған жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда камералдық бақылау объектісі үшін дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу міндеті Заңның 47-бабының 9-тармағында кӛзделген.

МАжҚБ туралы Заңның 58-1-бабының мазмұнынан аудиторлық есепке қарсылықтарды, ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) келтірілген шағымды ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайтыны туындайды.

Заңның 58-6-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші шағым беруге құқылы, ал ұйымдастырушы, тапсырыс беруші қарсылық білдіреді, олар МАжҚБ туралы Заңның 11-1 тарауында және «Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығымен бекітілген ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіпте және мерзімде қаралады.

Апелляциялық комиссия қарсылықты немесе шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін ішкі мемлекеттік аудит жӛніндегі уәкілетті орган Апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде ресімдейді. Қарсылықты қарау нәтижелері қорытындымен ресімделеді (№ 598 Қағидалардың 30-тармағы).

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Апелляциялық комиссияның шешімдері ӛтініш берушіге қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері жіберілген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

Апелляциялық комиссия қабылдаған шешімге ӘРПК талаптарына сәйкес сотқа шағым жасалады. 

Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі

МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.

Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.

Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.

Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді. 

ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ

ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.

№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.

№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.

Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады. 

СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР

ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.

Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.

 Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.

Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.

Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.

Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады. 

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);

- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);

- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);

- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);

- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;

- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері. 

ҚЫСҚАРТУЛАР

әкімакт – әкімшілік акт

МСА – мемлекеттік сатып алулар;

ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау; 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Мемлекеттік кірістер департаментінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға дау айту туралы

Мемлекеттік кірістер департаментінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға дау айту туралы2025 жылғы 4 наурыздағы №6001-24-00-6ап/2121Талапкер: "А"ЖШСЖауапкер: "Мемлекеттік кі...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы2025 жылғы 13 ақпандағы №6001-24-00-6ап/2014Т...

Толық оқу »

Кедендік және өзге де құжаттарға және (немесе) кедендік декларацияға қатысты мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабарламаға дау айту туралы

Кедендік және өзге де құжаттарға және (немесе) кедендік декларацияға қатысты мәліметтерге тексеру жүргізу нәтижелері туралы хабарламаға дау айту туралы6001-22-00-6ап/2174 28.0...

Толық оқу »

Салық органдарының хабарламаларына дау айту туралы өтініштер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасын қорыту.

Салық органдарының хабарламаларына дау айту туралы өтініштер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар бойынша азаматтық істерді қар...

Толық оқу »

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы

Хабарламаға және мемлекеттік кірістерді Құжаттамалық салықтық тексеру актісіне дау айту туралы09.11.2023 ж. №6001-23-00-6ап/1264Талапкер: "К" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік)Жауа...

Толық оқу »

Егер кеден заңнамасында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса, декларанттың хабарламаға дау айту туралы өтініші қараусыз қалдырылуға тиіс

Егер кеден заңнамасында белгіленген дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса, декларанттың хабарламаға дау айту туралы ө...

Толық оқу »

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды.

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәрт...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулауға қатысты талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулауға қатысты талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.1.1.1. Салық кодексі салық даулары үшін арнайы м...

Толық оқу »

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы өтініші

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы өтінішіТ.сотқа "Алматы қаласы бойынша МКД Наурызбай ауданы бойынша МКБ" РММ – ге оның жылжым...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы№6001-23-00-6ап/239 20.07.2023 ж.Талапкер: "СМЗ"ЖШСЖауапкер: "ішкі мемлек...

Толық оқу »

Уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту туралы даулар

Уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту туралы дауларАӨК-нің 100-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер шағымды қарайтын орган АӨК белгілеген мерзімдерде шағымды...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайды

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайдыКамералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері АІЖК-нің 29-тарауының т...

Толық оқу »

22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібі Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібіБиоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы      1. Бұзушылықтар анықт...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған  бұзушылықтарды  жою  туралы  хабарламаны  (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз деп танып, күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз деп танып, күшін жою туралы2025 жылғы 13 мамырдағы № 6001...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу саласында Камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту

Мемлекеттік сатып алу саласында Камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.Әкімшілік акт түсіну үшін а...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/474 18.07.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы08.08.2023 ж. №6001-23-00-6ап/419Талапкер: "...

Толық оқу »

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық органының іс-әрекеттеріне қате баға берді

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық о...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/277 17.08.2023 ж.Талапкер: "Т"ЖШСЖауапкер: "Мемлеке...

Толық оқу »

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаКедендік әкімшілендіру-кедендік реттеу ж...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалды деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалды деп тану туралы№6001-23-00-6ап/26 18.07.2023 ж.Тала...

Толық оқу »

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.№6001-23-00-6ап/299 10.08.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер Қазақстан...

Толық оқу »

31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Камералдық бақылау нәтижелері б...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жолдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және хабарламалардың күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жолдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және хабар...

Толық оқу »

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/142 27.07.2023 ж.Талапкер: "AG"ЖШСЖауапкер: "ішкі ме...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз болды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз болды.Қарағанды облысы МАЭС-тің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен камерал...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тануАпелляциялық сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын қа...

Толық оқу »

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдану

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдануСалық төлеушінің шығындарды шегерімге жатқызуға құқығы жоқ негіздер, сондай-ақ есептен ҚҚС алы...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану және оның күшін жою

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану және оның күшін жо...

Толық оқу »

137-бап. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі және нәтижелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

137-бап. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі және нәтижелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Камералдық бақылау:     1) салық органдарында, оның ішінде салықтық...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы Әкімшілік талап

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы Әкімшілік талап...

Толық оқу »

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негіздел...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағым

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағымӘкімшілік істер бойынша кассациялық сотқаҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайды

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайдыКамералдық кедендік тексеру актісінің нег...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/162...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы№6001-23-00-6ап/1669 12.12.2023 ж.Талапкер...

Толық оқу »

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану туралы

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану туралы№6001-22-00-6ап/1933 21.02.2023 ж.(сол сияқты і...

Толық оқу »

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Заңы

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелеріМұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу...

Толық оқу »