Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші: 

     1) осы Кодекстің 464-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген; 

     2) осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді. 

     2. Қосымша шот-фактура: 

     1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге; 

     2) мына ақпаратты: 

     шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні; 

     қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; 

     қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; 

     айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; 

     қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; 

     электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді; 

     осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабын сақтамау" деген белгіні қамтуға тиіс. 

     3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы растаулардың бірінің: 

     1) осы Кодекстің 492-бабының 6-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауының; 

     2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы; 

     3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және: 

     заңды тұлғалар үшін – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген; 

     дара кәсіпкерлер үшін – мөрі болған кезде, тегі, аты және әкесінің аты және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті. 

     4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша: 

     1) егер осындай қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі; 

     2) егер қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураның жазып берілуін қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге осындай қосымша шот-фактураны кері қайтарып алу талабымен жүгінуге құқылы.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

500-бап. Салық салу объектісі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады. 

      2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды: 

      1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. 

      Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерге жатады; 

      2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi. 

      Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жер жатады; 

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi; 

      4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi; 

      5) осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

280-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалған шот-фактурасын жазып беру

280-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалған шот-фактурасын жазып беру Салық төлеушінің жалған шот-фактураны жазып бер...

Толық оқу »

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе)...

Толық оқу »

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн с...

Толық оқу »

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi –      шағын кәс...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып...

Толық оқу »

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республик...

Толық оқу »

627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұм...

Толық оқу »

407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі...

Толық оқу »

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты...

Толық оқу »

34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Егер Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі Салық агентіне тауарларды, жұ...

Толық оқу »