Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі кезінде осы параграфтың ережелерін жеке тұлға бір мезгілде мынадай: 

     1) алынған кіріс дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісіне, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінің кірісіне енгізілмеген; 

     2) кіріс салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған шарттарға сәйкес келетін кірістер бойынша қолданады. 

     2. Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алған кірісіне мыналар жатады: 

     1) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс; 

     2) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық медиатордың кірісі; 

     3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс; 

     4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс; 

     5) салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кіріс.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

407-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістері  Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай әдістердің бірімен: 

      пропорционалды әдіспен; 

      салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындайды.  

      2. Есепке жатқызудың пропорционалды әдісін пайдаланатын мынадай тұлғалар бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындауға құқылы:  

      1) кепіл мүлкін (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда);  

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       2) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.        2) мыналарды: 

      осындай банктен активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепіл мүлкін (тауарды); 

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осындай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын, есепке жатқызудың пропорционалды әдiсiн пайдаланатын ұйым; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.         3) мыналарды:  

      бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепіл мүлкін (тауарды);  

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша – бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы;  

      4) мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша – лизинг беруші. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналымның мақсаттары үшін шеккен шығындар ретінде қарастырылады;  

      5) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша – ислам банкі; 

      6) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу-сату операциялары бойынша – қосылған құн салығын төлеуші; 

      7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) арналған лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды қалған қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператордың қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 394-бабының 15) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.  

      3. Өткізу бойынша айналымдары осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылатын объектілер салуды жүзеге асыратын тұлға: 

      осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдар мен өзге айналымның мақсаттары үшін; 

      әрбір құрылыс объектісін салу процесінде – осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағын және 410-бабын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.  

      Өзге айналым бойынша қосылған құн салығын осындай төлеуші осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы. 

      Ескерту. 407-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

280-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалған шот-фактурасын жазып беру

280-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жалған шот-фактурасын жазып беру Салық төлеушінің жалған шот-фактураны жазып бер...

Толық оқу »

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

499-бап. Түзетілген шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе)...

Толық оқу »

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

208-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы тармақта белгіленген жағдайларда мына қосылған құн с...

Толық оқу »

500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші:     1) осы Кодекстің 464-бабына сәйкес айналым мөлш...

Толық оқу »

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi –      шағын кәс...

Толық оқу »

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

209-бап. Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз ж...

Толық оқу »

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

492-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің шот-фактура жазып беруіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Шот-фактура электрондық нысанда жазып...

Толық оқу »

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып...

Толық оқу »

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республик...

Толық оқу »

627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

627-бап. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұм...

Толық оқу »

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты...

Толық оқу »

34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы

34-бап. Жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдері 5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы      1. Егер Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі

427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі Салық агентіне тауарларды, жұ...

Толық оқу »