427-бап. Салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салық агентіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден жеке тұлғаның алған кірісіне дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (мүліктік кірістен басқа) бойынша салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін;
2) жеке тұлға салық агенті алдындағы берешекті өтеу есебіне берген (орындаған, көрсеткен) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны түрінде алған кірісі жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
427-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
7-1) пестицидтер;
7-2) асыл тұқымды жануарлар және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
7-3) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
8) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 10) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Бұл тізбеге осы тармақтың бірінші бөлігінің 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару, белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төленген жағдайда, қосылған құн салығын іс жүзінде төлемей жүргізіледі.
4. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады.
Бұл ретте:
1) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормаларының шегінде кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Мәжбүрлі жағдайда сою тәртібін және табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
2) бұрын әкелінген тауарларды кері экспорт рәсіміне сәйкес әкету;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақаулық нәтижесінде тауардың шығып қалуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.
Осы тармақтың ережелері импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесі қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы