344-бап. Несие берушi құқықтарының заң негiзiнде басқа адамға ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Мiндеттеме жөнiндегi несие берушiнiң құқықтары заңдары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде:
1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде;
2) заңдарда мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша;
3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде;
5) заңдарда көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы