172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Алиментті басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайды.
2. Төленген алимент сомасын:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген;
2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында тізбеленген іс-әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаса, алимент кері өндіріп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы