107-бап. Істердің байланыстылығы бойынша және тараптардың таңдауы бойынша соттылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
1. Бірнеше жауапкерге талап қою жауапкерлердің біреуінің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін. Осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше сот арасындағы таңдау талап қоюшыға тиесілі болады.
Талап қоюшы, осы Кодекстің 102-бабының үшінші бөлігіндегі, 103-бабындағы, 105-бабының бірінші бөлігіндегі, 106-бабының екінші және үшінші бөліктеріндегі және 25-тарауындағы тәртіппен қаралуға жататын істерді қоспағанда, әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін эксаумақтық соттылықты, оның ішінде соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да таңдай алады.
2. Тараптар әкімшілік іс сот отырысында талқылауға тағайындалғанға дейін өздерінің арасындағы келісім бойынша осы әкімшілік іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да аумақтық соттылықты өзгерте алады.
3. Әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетпен (әрекетсіздікпен) ұштасқан жауапкер келтірген залалды өтеу туралы талапты мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот қарайды.
4. Моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады.
5. Талап қоюшы бірнеше талап қою талаптарын, егер олар бір жауапкерге қойылса, өзара байланысты болса және оларды қарау бір соттың құзыретіне кірсе, бір талап қоюға біріктіре алады.
6. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әртүрлі сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататын бірнеше талапты бір іс жүргізуге біріктіруге жол берілмейді. Бұл ретте жария-құқықтық дауларға қатысы жоқ және бөлуге жататын талаптар бөліп көрсетілуге және соттылығы бойынша тиісті аудандық (қалалық) сотқа жіберілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы