Даулардың соттылығы бойынша заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды
Талап қоюшы Ж. жауапкер А.-ның серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу-сату шартының күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгініп, талабын жауапкер А.-ның сатып алу-сату шарты бойынша серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің құнын төлемегендігімен негіздеген. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 24 мамырдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Түлкібас аудандық сотының 2017 жылғы 7 наурыздағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Оңтүстік Қазақстан облысының нотариалдық округінің нотариусы Е.-мен 2016 жылғы 15 желтоқсанда (№ 4998 тізілім) куәландырылған Ж. мен А.-ның арасындағы «Ж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу-сату шартының 50 % үлесі бөлігінде күші жойылған. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады. Іс құжаттарына қарағанда, 2016 жылғы 15 желтоқсанда жасалған сатып алу-сату шартына сәйкес, Т. мен Ж.
Серіктестіктің жарғылық капиталындағы әрқайсысы өздерінің 50 пайызынан жалпы 100 % үлестерін А.-ға 174 400 теңгеге сатқан. Жергілікті соттар сатушы А. Ж.-ның үлесінің құнын төлеу туралы міндеттемесін орындамай, аталған шартты бұзғандықтан, дауланып отырған шарт Ж.-ның 50 % үлесі бөлігінде жарамсыз деп танылып, күші жойылуға жатады деген тұжырымға келген. АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді. Апелляциялық сатыдағы сот, А.-ның істің соттылық қағидалары бұзылып қаралғаны жөнінде уәждерін, оның серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесті жеке кәсіпкер ретінде емес жеке тұлға ретінде сатып алғанын алға тартып, жарамсыз деп санаған. Алайда, бұл тұжырым негізсіз болып саналады. Себебі, алқа үлесті сатып алушы А.-ның сатып алу-сату шартын жасау кезіндегі мәртебесін ғана назарға алған. Ал, дау мәміле орын алғаннан кейін Серіктестіктің бұрынғы қатысушысы мен оның қазіргі қатысушысы арасында туындаған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында, өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайтыны жөніндегі қағиданы судьялар басшылыққа алуға тиіс екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы жергілікті сот актілерінің күшін жойып, істі талап қою арызын қабылдау сатысынан жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолдады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы