8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері Закона Об аккредитации в области оценки соответствия
Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
3-1. Өтініш беруші:
1) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тұрған жерінде аккредиттеу жөніндегі органға негізделген себептерді көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін ұзарту, бірақ отыз жұмыс күнінен асырмай ұзарту туралы жүгінуге;
2) аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляция жөніндегі комиссияға апелляциялар беруге құқылы.
3-2. Өтініш беруші:
1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында, стандарттау жөніндегі құжаттарда, сондай-ақ аккредиттеу сұратылатын немесе берілетін, аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың құжаттарында белгіленген аккредиттеуге қойылатын талаптарды сақтауға және орындауға;
2) тұрған жерінде зерттеп-қарау жүргізу кезінде аккредиттеу жөніндегі органға үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес куәгерлік бағалауды ұйымдастыруға міндетті.
4. Аккредиттеу субъектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту, қайта аккредиттеу, ерікті түрде кері қайтарып алу, кері қайтарып алынған аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) апелляция жөніндегі комиссияға аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляциялар беруге құқылы;
4) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
6) аккредиттеу жөніндегі органның жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау жүргізуін және сол жерде зерттеп-қарауын қамтамасыз етуге;
6-1) үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
6-2) куәгерлік бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге және бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төлеуді жүргізуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;
10-1) аккредиттеу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Закон Республики Казахстан от 5 июля 2008 года N 61-IV.
Настоящий Закон регулирует общественные отношения в области аккредитации органов по оценке соответствия, а также связанные с ними отношения.
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела