⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы Әскери полиция органдары туралы Заңы

8-бап. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы Әскери полиция органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылы Әскери полиция органдары туралы Заңы 

      1. Әскери полиция органдары өз қызметін өзара, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап жүзеге асырады және өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бір-бірін хабардар етеді, сондай-ақ ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. 

      Әскери полиция органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын, сондай-ақ олардың құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

      2. Әскери полиция органдары күзететін объектілерде күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылады. 

      Астана және Алматы қалаларында күзет іс-шараларын жүргізу кезінде әскери полиция органдары әскери көлік құралдары колонналарының өтуін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен, ал басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерде ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі. 

      3. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылығы, әскери басқару органдары мен әскери қызметшілер әскери полиция органдарына өздеріне жүктелген міндеттерді шешуде жәрдем көрсетуге міндетті. 

 

      Осы Заң әскери полиция органдарының қызметімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы