7-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті Өзін-өзі реттеу туралы Заңы
Реттеуші мемлекеттік органдар:
1) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі;
2) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асырады;
3) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
4) міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
4-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша тұтынушылардың тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты шағымдарын қарайды;
4-2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасады;
4-3) өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы