5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы
1. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.
3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (22.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы