⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

4-бап. Өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Мыналар: 

      1) отандық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

      2) отандық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

      3) нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауаптылығын күшейту; 

      4) өзін-өзі реттеу субъектілерінің реттеуші мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады. 

      2. Өзін-өзі реттеудің жалпы қағидаттары мыналар: 

      1) заңдылық – барлық мүдделі тұлғалар құқықтарының сақталу шартымен осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеуді енгізу және жүзеге асыру; 

      2) теңдік – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтары мен міндеттерінің болуы; 

      3) өзін-өзі қаржыландыру – мүшелік жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін қаржыландыру; 

      4) жауаптылық – өзін-өзі реттейтін ұйымдардың осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес осы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің (қатысушыларының) әрекеттерімен келтірілген залал үшін үшінші тұлғалар алдында мүліктік жауаптылыққа кепілдік беру тетіктерін пайдалануы; 

      5) қызметтің ашықтығы – мүдделі тұлғалар үшін ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіле отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың барынша ашық қызметі; 

      6) беделге тәуелділік (беделдік тәуелділік) – өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің (қатысушыларының) өздерінің іскерлік және кәсіптік беделіне тәуелділігі; 

      7) өзара көмек және мүдделерді қорғау – өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өздерінің мүшелеріне (қатысушыларына) көмек көрсетуі, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауы; 

      8) тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметіне араласуға жол бермеу; 

      9) адал бәсекелестік болып табылады. 

      3. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеудің негізгі қағидаттары мыналар: 

      1) бірігу еркіндігі – адамдардың өзін-өзі реттейтін ұйымға ерікті түрде бірігуі үшін таңдау; 

      2) саланың ортақтығы – өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), технологияның, өндіріс объектілерінің жұмыс істеу циклі кезеңінің ұқсастығы (ұқсас немесе сабақтас сипаттамалар) тән қызмет түрлерінің ортақтық белгісі бойынша кәсіпкерлердің бірігуі болып табылады. 

      4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеудің негізгі қағидаттары мыналар: 

      1) тиімділік – мемлекеттік реттеу кезінде қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда ғана өзін-өзі реттеуді енгізу жүзеге асырылады; 

      2) қайталауды болғызбау – өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қосарланған бақылауды болғызбау мақсатында мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар құзыретінің аражігін нақты ажырату болып табылады. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы