3-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы
Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу-профилактика шараларының басымдығы;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
4) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң жедел өзара хабардар етiлуі және іс-қимылдарының үйлесiмділігі;
5) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрiнiң бiртұтастығы, өзара байланысы және теңгерімдiлігi, ахуалдың өрбуіне қарай олардың басымдығының жедел өзгеруі;
6) ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және/немесе ықтимал нұқсанның ауқымы мен сипатына ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының уақтылы және лайықты болуы;
7) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау, олардың өзара жауапкершілігі;
8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асырудың бақылауда болуы;
9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық қауіпсіздік жүйелерімен ықпалдастығы;
10) мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы