2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ төлем жүйелерінің және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу процесінде туындайтын қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын халықаралық төлемдер мен және (немесе) ақша аударымдарымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен (қаржы институттарымен) байланысты қатынастар "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" және "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi. Егер халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша әрекеттер Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен, көрсетілген шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.
3. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы