2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері Кинематография туралы Заңы
1. Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде кинематографияны сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру, кинематографиялық қызметті регламенттеу осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кинематография саласында мемлекеттік қолдау көрсету;
2) елімізде және шет елдерде ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, киноиндустрияның инвестициялық тұрғыдан тартымды болуы үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау мен көрсетуді реттеу;
4) Мемлекеттік фильмдер қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы