15-бап. Қызметкерлердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметкерлер мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
Қызметкердің мәртебесіне азамат қызметке тұрған күннен бастап ие болады және қызметтен босатылуына байланысты арнаулы мемлекеттік орган жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап одан айырылады.
2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарын (бұдан әрі – заңды талаптар) барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті.
3. Қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның басшысына, тікелей және уәкілетті басшыларға ғана бағынады.
4. Қызметкерлердің қызметіне, оған Қазақстан Республикасының заңдарымен тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің араласуына құқығы жоқ. Қызметкерлердің қызметіне құқыққа қарсы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін бұйрық немесе нұсқау алған кезде қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарын ғана басшылыққа алуға міндетті.
Басшыларға қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен өкімдер беруге тыйым салынады.
Жауынгерлік іс-қимылдарынан, төтенше жағдайлар ахуалында тапсырмаларды орындаудан, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын өткізуден басқа жағдайларда, бұйрықтар тек қана жазбаша түрде беріледі.
6. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданған шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Қабылданған шешімдерді және (немесе) нұсқауларды қызметкерлердің назарына жеткізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдардың ішкі қызмет жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VІ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы