⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Жайылымдар туралы Заңы

13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Жайылымдар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар Жайылымдар туралы Заңы 

      1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. 

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде: 

      өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері; 

      жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері; 

      мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер; 

      жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер; 

      иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер; 

      ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер; 

      шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер; 

      екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер; 

      жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары; 

      мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріледі. 

      2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар: 

      1) жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіретін құжаттар негізінде меншік иелері немесе жер пайдаланушылары туралы мәліметтерді көрсетіп, жайылымдардың шекараларын, алаңдары мен түрлерін, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, аридтік және екпе жайылымдарды көрсете отырып, жер санаттары бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын); 

      2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар белгіленген схеманы (картаны); 

      3) жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары белгіленген схеманы (картаны); 

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар, мал айдайтын жолдар мен өзге де жайылымдық инфрақұрылым объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленген схеманы (картаны); 

      5) жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схеманы (картаны); 

      6) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы малын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында резервке қойылуға тиіс жайылымдар белгіленген схеманы (картаны); 

      7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын; 

      8) ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарда орналастыру схемасын; 

      9) жайылымдарды ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жобалық бөлуді (қайта бөлуді); 

      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс. 

      3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді. 

      4. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітеді. 

       5. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.  

      6. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар нормативтік құқықтық акт болып табылады. 

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы