1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде Қазақстан Республикасының тарихи-құжаттамалық мұрасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) архив ісін және басқарудың құжаттамалық қамтамасыз етілуін реттеу;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, қалыптастыру, жинақтау, сақтау мен пайдалану, ретке келтіру және есепке алу;
3) қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) архив ісін ұтымды басқару;
2) заңдылық;
3) пайдаланушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз Ұлттық архив қорының құжаттарына тең қол жеткізуі;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы