Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жеке-жариялы тәртіппен қаралатын қылмысқа қатысты жәбірленушінің шағымы болмаған кезде қылмыстық ізге түсуге болмайды және қылмыстық іс қозғалмайды

Жеке-жариялы тәртіппен қаралатын қылмысқа қатысты жәбірленушінің шағымы болмаған кезде қылмыстық ізге түсуге болмайды және қылмыстық іс қозғалмайды

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жеке-жариялы тәртіппен қаралатын қылмысқа қатысты жәбірленушінің шағымы болмаған кезде қылмыстық ізге түсуге болмайды және қылмыстық іс қозғалмайды

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 21 қараша 2012 жылғы үкімімен: К., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 176- бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен мүлкін тәркілеп, 1 жылға есепші қызметін атқару құқығынан айыруға, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабын қолданып, оған тағайындалған жаза шартты деп санап, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген. Қармақшы аудандық білім бөлімінің пайдасына К.- дан 836 393 теңге өндірілген. Сот үкімімен К. қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот үкімін өзгертіп, К.- ның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағынан осы баптың 2 бөлігінің «в» тармағына қайта саралап, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салған. Қызылорда облыстық сотының кассациялық сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдырған. Сотталған К. мен оның қорғаушысы Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтініштерінде К.-ның ешқандай қылмыс жасамағанын, заңсыз сотталғанын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.11.2007 жылғы №1400 қаулысында еңбек ақы есептеуде ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беруші мамандарға 25 пайыз үстемеақы есептелуі міндеттілігін, ал білім беруге қатысы жоқ маман қызметкерлерге (директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, бас есепші, есепшілер) 25 пайыз үстемеақы аудандық мәслихаттың рұқсатымен берілу қарастырылғанын, үстемеақы төлеу туралы аудан әкімінің шешімі қылмыстық іске тіркелгенін көрсете келе, сот қаулыларының күшін жойып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Өтініште көрсетілген уәждерді талқылап, прокурордың сот қаулыларын бұзып, қылмыстық істі қайта қарауға жолдау туралы пікірін тыңдап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, қадағалау сот алқасы төмендегі мәнжайлардың негізінде сотталған К. жөніндегі сот қаулыларының күші жойылып, қылмыстық іс қысқартылуға жатады деп есептейді. ҚІЖК-нің 24-бабына сәйкес, сот істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысына енгізілген қосымшасында: ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, қалалық жағдайда осындай қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жоғары, 25% кем емес үстемеақы төленетіні көрсетілген. Қылмыстық істегі материалдарға Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 тамыздағы кезектен тыс 41-сессиясының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы шешімі тіркелген. Осыған байланысты, Қармақшы ауданының әкімдігі 2011 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен аталған лауазымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалуы керектігін көрсеткен.

Жеке-жариялы тәртіппен қаралатын қылмысқа қатысты жәбірленушінің шағымы болмаған кезде қылмыстық ізге түсуге болмайды және қылмыстық іс қозғалмайды

 Қылмыстық істі қозғауға қаржы полициясының Қармақшы ауданы Төретам кентінде орналасқан орта мектептің 2008-2012 жыл аралығында бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты жұмсалуын, қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді есептеудің заңдылығын тексеру материалдары себеп болған. Сертификатталған аудиттік тексеру қорытындысы бойынша К. 2008-2012 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған ақша-қаражаттан 1 023 030 теңге мөлшерінде залал келтіргені анықталған.Сотта К. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, орта мектептің бас есепшісі қызметін атқарған кезде, 2008-2012 жылдар аралығында өз еңбек ақысына және мектептің есепшілері М., Қ., Т.-ға жергілікті органдардың шешімінсіз, яғни аудандық мәслихаттың шешімінсіз 25% үстемеақы, еңбек демалысын берген кезде бір айлық жәрдемақыны есеп шоттарына аударғанын айтып жауап берген. Сот К.- ның іс-әрекетін ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен саралаған. Апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық істегі дәлелдемелерді тексере келе, 2008-2009 жылдары К., М., Қ., Т.-ға 25% үстемеақы төлеу туралы аудандық мәслихаттың шешімі болмағанымен, аудан әкімшілігінің жоспарлау бөлімі, аудандық оқу бөлімінің басшылары бекіткен тарификация негіз болғанын, К. тек 2010-2011 жылдар аралығында ғана тарификацияда көрсетілмеген, яғни осы аралықта 25% үстемеақыны заңсыз алғанын анықтап, оның осы іс-әрекетін ҚК-нің 176- бабы 2-бөлігінің «в» тармағына қайта саралап, ол өзінің қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мемлекет қаражатын ысырап етіп иеленген деген қорытындыға келген. ҚІЖК-нің 34-бабына сәйкес, ҚК-нің 176-бабының 2-бөлігі жеке -жариялы тәртіппен қаралатын қылмыстың қатарына жатады, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде қылмыстық ізге түсуге болмайды және қылмыстық іс қозғалмайды. Демек, апелляциялық сот алқасы сотталған К.-ны кінәлі деп таныған қылмыстық іс бойынша КІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сай, жәбірленушінің шағымы болмаса, қылмыстық іс қозғалмауы, ал қозғалған іс тоқтатылуы тиіс болатын. Алайда, апелляциялық сатыдағы сот К.- ға байланысты қылмыстық істі қарау барысында қылмыстық іс жүргізу заңының осы талаптарын ескерусіз қалдырған. Осыған орай, қадағалау сот алқасы сотталған К. жөніндегі сот қаулылары заңсыз және негізсіз болғандықтан күші жойылып, ол жөніндегі қылмыстық іс қысқартылуға жатады деп есептейді. 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық коде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 36-бабына түсініктеме. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 36-бабына түсініктеме. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар1. Қылмыстық қудалау органы, сот...

Толық оқу »