Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Заңды күшіне енген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысына Шағым

Заңды күшіне енген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысына Шағым

Заңды күшіне енген қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысына Шағым

 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Асылов Берік Ноғайұлына

 010000, Астана қ, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.

+7 (7172) 71-28-68, +7 (7172) 30-15-30

 

Сотталған Ә.М.А.  қорғаушы

М.С.Т.

Алматы облысы, Талғар ауданы, К. ауылы, М. көшесі, 39

тел. 8747.....

 

 

 

Шағым

Заңды күшіне енген 2024 жылғы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне және Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 ақпандағы қаулысына, ҚР Жоғарғы сотының қаулысына

 

Берік Ноғайұлы біздің Сізге жүгінуіміздің себебі әділетсіздік пен заңсыздық алдын ала тергеу органдаырмен, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясымен, Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары тарапынан жол берілуіне байлынысты.

Сонымен 2024 жылы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша А.Ә.М. ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы кінәлі деп танылып 12 (он екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған үкіммен келіспей, қорғаушылар мен сотталушы Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағымданған.

Алайда, Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылы 27 ақпандағы қаулысымен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырды.

10 маусым 2024 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот алқасымен қорғаушылардың қассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш хаты қаралды. Сағат 10-да басталатын сот отырысы 12 сағат 50 минутта басталып бас аяғы үш қорғаушының сөзін кесіп-бұзып 5 минут ішінде қорағаушылардың уәждерін шалапұла тыңдап сот актысын шығару үшін мәжіліс бөлмесіне шығып кеттіде қорғаушылардың Өтінішхаттағы уәждерін және талаптарын қанағаттандырусыз қалдырды.

Аталған сот актілері өзгертуге жатады деп санаймыз. Ә.М. А.тағылған айыбымен ішінара келісемін. Атап айтқанда, Ә.М. А. іс-әрекеттері ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша саралауы дұрыс емес және әділетсіз деп есептеймін.

Себебі, бірінші, апелляциялық және Касациялық сатыдағы соттардың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы сотталған Ә.М. А. іс-әрекеттерін дұрыс сараламауға және де оның тым қатаң жазалауға алып келген.

            Берік Ноғайұлы сізден  сотталған Ә.М. А. анасының жалғыз балсы екенін, 1,5 жастан бері жеке анасының ғана асырауында болып өскендігін, Анасының баласынан басқа сүйеніші жоқ екенін, Ә.А. бұл қылмыстарды жасы кәмелетке толмаған кезде жасағандығын. Жәбірленушіге келген материалдық және рухани залалдар Медиация тәртібімен толығымен өтелгенін, жеке басын,  жастығын, ол жасаған қылмыстардың салдарынан келген  ауыр зардаптар жоқ екенін, материалдық және рухани залалдар толық өтеліп, жәбірленуші мен оның заңды өкілі кешірім беріп отырғандарын ескеруді сұраймыз.

Сонымен Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылы 27 ақпан күні жабық сот отырысында алқабидің судьясы М.Т. Мұсабекованың «2021 жылы 25 ақпанда жыныстық қатынас болды ма?» деген сұрағына жәбірленуші А.Е. М. «Иә, болды» деп жауап қайтарды.  

Судья М.Т. М. «Қай жерде болды?» қойылған екінші сұрағына жәбірленуші А.Е. М. «Ол үйде» деп жауап берді. Әрі қарай жәбірленуші А.Е. М. «Біз Әділмен (яғни сотталған Ә. А.) 3,5 жыл болдық, сонын 3 жылы сот, 2019 жылдан бастап бірінші сотқа дейін жүріп жүрдік, и біз үнемі жыныстық қатынасқа түстік. Мы жили половой жизнью» деп сот алқасына түсінік берді.

Жәбірленуші А.Е. М. айтылған сөздер апелляциялық сот отырысының аудиобейнежазбасының 39 минут 20 секунд  –  40 минут 10 секунд аралығында жазылған.

            Демек, 2021 жылы 25 ақпанда сотталған Ә.М. А. жәбірленуші А. М. жыныстық қатынаста болды деген айыптау жағының және соттардың тұжырымдары өз дәлелін тапқан жоқ, жалған.

Одан бөлек, 2022 жылы 02 қыркүйек күні болған Алматы облысы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот отырысында А. М. жыныстық қатынас 2021 жылдың 11 қантарда болған деп сотқа мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік айыптаушының «Екінші рет қай күні болды?» сұрағына жәбірленуші А. М. «Екінші Әділдің туған күні 2021 жылы 11 январьда» деп жауап қайтарды (сот отырысының аудиобейнежазбасының 16 минут 33 секунд – 16 минут 40 секунд, файлдың атауы «1996-22-00-1_38_02092022153006_mix.mp4»).

Әрі қарай осы сот отырысында қорғаушы – адвокат «Екінші рет 11 қантар 2021 жыл» деп сұрағанда жәбірленуші А. М. «Иә» деп жауап берді (сот отырысының аудиобейнежазбасының 20 минут 23 секунд – 20 минут 30 секунд, файлдың атауы «1996-22-00-1_38_02092022153006_mix.mp4»).

Және де судья Н.Т. Нұрмаханбетов «Екінші рет туған күнің тойладыңыздар ма?» нақтылап сұрақ қойғанда жәбірленуші А. М. «Иә. Біз түнгі 12-де бардық, құттықтадық и содан кейін болды» (сот отырысының аудиобейнежазбасының 29 минут 12 секунд – 29 минут 32 секунд, файлдың атауы «1996-22-00-1_38_02092022153006_mix.mp4»).

Жәбірленуші А. М. аталған айғақтарын талқылап, жыныстық қатынас сотталған Ә.М. А. туылған күні, яғни 2021 жылы 10 қаңтар түні сағат 24 тен кейін 11 қантар күні болған тұжырымдауға тура келеді.

Осыған қарамастан, бірінші сатыдағы сот Ә.М. А. пен А.Е. М. 2021 жылы 12 қантар күні жыныстық қатынасқа түсті деп айыбы өз дәлелділігін тапты деп осы эпизод бойынша Ә.М. А. кінәлі деп таныды.

Алайда, Алматы облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  бұл қарама қайшылықтарды жоюға ешқандай әрекет жасамастан, бұл эпизод бойынша да Ә.А. кінәсы өз дәлелін табады деген жалған, негізсіз қорытындыға келді.

Осыған қарамастан апелляциялық сот қорғаушылардың сот тергеуін жүргізу туралы өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл жағдайда апелляциялық сот ҚР ҚПК 23-бабында көрсетілген «Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік мiндеттерін орындауы және өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті» талаптарды бұзып, айыптау тарабына заңсыз қолдау көрсетті.

Сөйтіп, 2021 жылы 25 ақпанда Ә.М. А. А. М. жыныстық қатынас жасады деп Ә.М. А. тағылған айыбы жәбірленуші А.Е. М. қарама-қайшы келетін айғақтарымен негізделген және өз дәлелдемелерін таппады.

ҚР ҚК 12-бабының 3-бөлігіне сәйкес «Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бiр пиғылмен және бiр мақсатпен ұштасып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын, құқыққа қарсы бiрқатар бiрдей іс-әрекеттерден тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бiрнеше рет жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмайды» деп жазылған.

Бұл заң талаптары бойынша ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №11 «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысының 4-бабында нақты түсініктемелер берілген.

            Атап айтқанда: «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын жалғаспалы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырата білу қажет. Белгілі бір адамның бірыңғай пиғылмен және біріктірілген ортақ мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының біркелкілігімен сипатталатын, қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәсілі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық әрекеттерді жасауы қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуын құрамайды.

          Мұндай жағдайларда барлық жасалған әрекеттерді тұтастай жалғаспалы қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танып, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін  жауаптылық көздейтін ҚК бір бабы немесе бабының бөлігі бойынша саралаған жөн » деп көрсетілген.

Сонымен қатар «Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №4 Нормативтік қаулысының 10-тармағында «Егер кінәлі бірыңғай ниетпен, аз уақыт аралығында бір адамға қатысты бірнеше жыныстық акт жасаса, бұл әрекет бірнеше рет жасалу белгісін құрамайды, оны жалғаспалы қылмыс ретінде қарастыру керек» деп қайталай көрсетіліп отыр.

 Жәбірленуші А. М. өз жауаптарында Ә. А. сот процесі барысында да қыз бен жігіт сияқты қарым-қатынаста болғанын, бір-бірін жақсы көретіндігін, үнемі жыныстық қатынасқа түсіп жүргенін тіпті үйлену туралы әңгіме болды деп көрсетті.

Демек,   сотталған Ә.А. іс әрекеттерінде жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни  бiр пиғылмен және бiр мақсатпен ұштасып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылық бар.   Оның іс-әрекеттерін «бірнеше рет» жасалған қылмыс белгісі бойынша дұрыс сараланбаған,  негізсіз деп есептеймін.

Сөйтіп, сотталған Ә. А. іс-әрекеттерін «бірнеше рет» жасалған қылмыс белгісі бойынша саралауға жатпайды және оны созылмалы қылмыс деп тану керектігін айтқым келеді.

Сондықтан Ә.М. А. іс-әрекеттері ол кәмелетке толмаған адам бола тұра 2019 жылы 10 қазанда және 2021 жылы 11 қантарда 16 жасқа толмаған А.Е. Маратовамен жыныстық қатынасты жасаған, созылмалы қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі бойынша саралауға жатады деп санаймын, ал 25.02.2021 жылы жыныстық қатынастың болмағанын көрсетіп отыр. Яғни, ол кәмелетке жасы толмаған жасында ғана қылмыс жасағаны жайлы негізінен кінәсын толық мойындап отыр.   

Айта кетер жайыттардың бірі ол алдын ала тергеу органдарымен тергеп тексеру жүргізу кезінде Сотталған Ә.М. А. іс-әрекеттерін 2019 жылы 10 қазанда ең бірінші жыныстық қатынасты эпизодын анықтап оның қайжерде  және қалай болғанынымен жәбірленушінің етек кірі тоқтап екі қабат болғанымен шектеліп қана өойылған.

 Екінші 2021 жылы 11 қантарда эпизодты тергеп тексеру барысында Ә.М. А. туылған күні болған жыныстық қатынаспен сол жердегі болған жайттармен шектелген.

Үшінші 2021 жылы 25 ақпандағы эпизод жыныстық қатынас соңғы эпизод ретінде тергеп тексерілген.

Алайда алдын ала тергеу органдарымен және сот тарапынан осы үш эпизодттың араларындағы болған жыныстық қатныстарға мән берілмеді.     

         ҚР ҚПК 19-бабына сәйкес: «Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

 

«Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі №4 Нормативтік қаулысының 12-тармақтың талаптарына сәйкес–егер соттың үкімі сотталушы мен жәбірленушінің талданбаған, ақиқаты салыстырылмаған және басқа дәлелдемелермен: куәлардың айғақтарымен, процестік әрекеттердің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен расталмаған айғақтарының негізінде ғана шығарылса, оны заңды деп тануға болмайды деп айтылған.

 

Бірақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық істің қаралу барысында және Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымдарды қаралу барысында, ҚР Жоғарғы сот алқасымен қорғаушылардығ өтініш хатын қарау барысында жоғарыда айтылған нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын өрескел бұзып қолданбаған.

Нақтырақ айта кетсек, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімнің уәждеу бөлігінде 2021 жылы 12 қантарда Ә.М. А. 16 жасқа толмаған жәбірленуші А. М. жыныстық қатынасты жасады деп түйіндеді.

Атап айтқанда, сот үкімінде «Соттың тұжырымы бойынша, жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші А.Е.М. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот отырысында берген жауаптары біркелкі, шындыққа жатады және оларға сеңбеуге негізі жоқ. Жәбірленушінің жауаптары, тергеп-тексеру барысында берген жәбірленушінің заңды өкілінің және іс бойынша жиналған басқа да құжаттар мен дәлелдемелер жиынтығымен үйлесіп, соттың тұжырымы бойынша шындыққа сәйкескен» деп жазған.

Қандай да басқа құжаттардың атауы мен дәлелдемелер жиынтығы туралы сотпен үкімде көрсетілмеген және сот оларға үкімде қылмыстық іс материалдарына сілтеме жасамаған.

Осылайша сот Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарын бұзды деп есептеуге болады.

Бұл жағдайда неге сот тек қана жәбірленушінің көрсетулеріне сенеді де, кінәсін толық мойындап отырған, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға  пиғылы жоқ Ә.А. екінші рет жыныстық қатынас 11.01.2021 жылы болды, 25.02.21 жылы жыныстық қатынас болған жоқ деген көрсетулеріне сенбейді?

         ҚР ҚПК-нің 388-бабы 3-тармағында: «Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады » деп көрсетілген. Алайда, Алматы облысыны соттары тарапынан бұл заң талаптары бұзылып отыр.        

Сот тек қана жәбірленуші А. М. алдын ала тергеуде берген сөзіне сеніп, Ә.М. А. 2021 жылы 12 қантарда онымен жыныс қатынасты жасаған деп түйіндеді. Бірақ, не қылмыстық іс материалдарында, не жәбірленуші А. М. айғақтарында қылмыс жасаған нақты күні және уақыты анықтауға мүмкіншілік беретін дәлелдемелер жоқ.

Жыныстық қатынас 2021 жылы 12 қантарда болғаны жайлы тек қана күмән келтіретін болжамдармен негізделген.

Мемлекеттік айыптаушы жыныстық қатынас 2021 жылы 12 қантарында болғаны жайлы ешқандай дәлелдеме сотқа ұсынған жоқ, қылмыстық істің материалдарында ондай айғақтар жоқ. Сөйтіп, сот ҚР ҚПК 19-бабының талаптарына бағынбай, негізсіз тұжырымдады. Осы эпизод бойынша Ә.М. Ашимбаев кәмелетке толмаған адам бола тұра 2021 жылы 11 қантарда 16 жасқа толмаған А. М. жыныстық қатынасты жасағаны үшін кінәлі деп тануға жатады деп санаймын.

Өйткені сотталған Ә.М. А. 11.01.2003 жылы дүниеге келген, ал «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 11 сәуір №6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 2-тармақта адамның белгілі жасқа толуы ол туған күні емес, келесі тәуліктен бастап есептеледі деп көрсетілген.

ҚР ҚПК 112-бабының талаптарына сай – Нақты деректер егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етіп белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден алынған дәлелдемелер, дәлел ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, және осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілгендей дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды» деп көрсетілген.

Алайда, осыған қарамастан сот тергеп-тексеру органның заң талаптарын өрескел бұзуына байланысты ешқандай шара қабылдаған жоқ.

Атап айтқанда, қылмыстық істің материалдарына қыз бен жігіт бейнесіндегі фотосурет қоса тігілген - №5 том, істің беті 4. Фотосуреттің дереккөзін, түсірілген күнін анықтамай, сот-габитологиялық сараптаманы тағайындамай, сарапшының қорытындысын алмай тергеуші жоғарыда аталған фотосуретті заңсыз заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеген.

Демек, бұл фотосурет қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған деректер, сондықтан дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылуы тиіс.

Осыған байланысты біздердің тарапымыздан бұл фотосуретті дәлелдеме ретінде жол берілмейтін дерек деп тану туралы сотқа өтінішхат келтірілген болатын. Алайда, ол сот тарапынан қараусыз қалдырылып отыр. Сөйтіп, сот тарапынан Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 112-бабының талаптары өрескел бұзылды.

Сотталған Ә.А. пен жәбірленуші А.М. фотосуреттерін тануға  берер алдында И.Т.а куә ретінде сұралған кезде, ол қонақ үйге келген адамдарды танимаймын деп жауап берген.

            Осыған қарамастан, тергеу органы заң талаптарын бұзып, Ә.А. пен А.М. фотосуреттерін танытуға берген.

            Ә. А. сурет бойынша тану үшін көрсету хаттамасында куә И. Т. №2 фотосуретте бейнеленген адамды танығаны көрсетілсе, Ә.А. суреті «бірінші номерде тұр» деп жазылған. Яғни, мазмұны бір біріне қарама қайшы. Сондықтан, бұл хаттаманың заңдық  күші жоқ, іс бойынша дәлелдеме ретінде қабылдауға болмайды деп есептеймін.

           Ал А. М. суретін танытуға беру хаттамасында оның суретіне қандай нөмір берілген тіпті жазылмаған. ( №5 том, істің беттері 22-26.)

Бұдан бөлек, Ә.М. А. пен А.Е. М. И. Т. танушы ретінде, көрсету күні Талғар аудандық полиция басқармасының ғимаратында болған.

Сондықтан, И. Т. куә ретінде тануға болмайды және оған қатысты тергеу амалдарын заңсыз деп тануға жатады деп есептейміз.

ҚР ҚПК 299-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей «Танушы адамдардан тиiстi адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынуы тиіс» делінген, сонымен қатар ҚР ҚПК 230-бабының 6-бөлігінде көрсетілгендей «Адамды тану үшін көрсету мүмкiн болмаған кезде тану үшін көрсету сыртқы пішіні танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас, бір мезгілде кемінде үш басқа адамның фотосуреттерімен бірге көрсетілетін оның фотосуреті, сондай-ақ дыбыс және бейне жазба бойынша жүргізілуі мүмкін» қағидаларын ескермей, Сот тергеуші тарапынан процессуалдық талаптарды өрескел бұзды деп танымай, Ә.М. А. фотосурет бойынша тану туралы, А. М. фотосурет бойынша тану туралы дәлелдемелер ретінде және И. Т. куә ретінде жауап алу хаттамаларын дәлелдемелер ретінде заңсыз таныған деп есептеймін.

ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігінде қаралған қылмыстар ауырлығы орташа қылмыстар қатарына жатады. Сол себепті, Ә.А. 07.12.2021 жылғы ҚР «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатады деп есептеймін.

         Себебі, осы аталған Заңның 1-бабында : «Осы Заңның мақсатында әлеуметтік жағынан осал адамдарға: қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар жатады» деп көрсетілсе,  2-бабында : «Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату: 1.Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан: 3) залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады » деп көрсетілген.

Құрметті Берік Ноғайұлы, жоғарыда көрсетілген уәждердің шындығына көз жеткізу үшін Шағымды қарауға даярлау барысында Алматы облыстық сотымен қаралған Ә.М. А. қатысты №1999-24-00-1а/46 қылмыстық істің аудиобейнежазбасын және 2022 жылы 02 қыркүйек күні болған Алматы облысы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот отырысының аудиобейнежазбасын тындауды (аудиобейнежазба қылмыстық істің материалдарында сақталған) сұраймыз. Өйткені сот отырысы жабық болғандықтан қорғау тарабы аталған аудиобейнежазбаларды Заң талаптарына сай ұсына алмаймды.

Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Конституциялық заңының 1-бабына сай Прокуратура мемлекет атынан заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

      Аталған Конституциялық заңының 9-бабында көрсетілгендей Бас Прокурор: Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды   жүзеге асырады сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін заңды күшіне енген сот актілеріне, негіздер болған кезде, наразылық білдіреді;

Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Конституциялық заңының 33-бабы бойынша Прокурор Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін заңды күшіне енген актілерге, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.

      Жоғарыда айтылғанға байланысты және Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы Конституциялық заңының  баптарына сүйене отырып,

Сізден сұраймын:

1. Заңда белгіленген тәртіппен заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша заңдылықты бұзуды жою мақсатында прокурорлық ден қоюды немесе прокурорлық наразылық актілерін заңды күшіне енген Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының  қаулысына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының қаулысына қатысты қабылдауды

2. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сотталған Ә.М.А. қатысты 11.01.2024 жылғы үкімін  әділетсіз деп танып, өзгертуді;

3. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 27.02.2024 жылғы қаулысын негізсіз заңсыз деп танып, бұзуды;

4. Сотталған Ә.М.А. іс-әрекеттерін ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағынан осы баптың 1-бөлігіне қайта саралауды;

5. Сотталған Ә.М.А. 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 81-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданып, қылмыстық жауаптылықтан босатуды.

 

 

Қорғаушы                                                                             М. Т.

                                                                                                12.06.2024 ж.

 

                               

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы                                                                  

Құжатты жүктеп алу