Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығы.

   2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы