59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Тергеу бөлімінің бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және оның өз құзыреті шегінде әрекет ететін орынбасарлары.
2. Тергеу бөлімінің бастығы:
1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушіге тапсыруға;
2) тергеушінің өз іс жүргізуіндегі істер бойынша тергеу әрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушінің тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) тергеп-тексеру жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыруға;
4) тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетуге;
5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;
6) өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алуға және алдын ала тергеуді жүзеге асыратын, өзіне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлімшесіне беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) прокурорға айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай: ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін; алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға;
8-1) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға;
9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
10) тергеушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға уәкілетті.
3. Тергеу бөлімінің бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 01.07.2026 № 331-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Тергеу бөлімі бастығының іс бойынша нұсқаулары тергеушінің осы Кодекстің 60-бабында белгіленген дербестігін, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау міндетті, бірақ ол жөнінде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушінің тергеу бөлімі бастығының әрекеттеріне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы